Спорт

Баскетболшылар спартакиадасы



 

Баскетболдан қала мектептері арасында өтіп жатқан спартакиаданың бүгін үшінші күні. Мұнда іріктеу кезеңінде таңдап алынған 12 команда жарысуда.

Наталья Тимошенко, жарыстың бас төрешісі:
Қазір финалдық кездесулердің кезеңі. Командалар алты адамнан екіге бөлінген. Жас спортшылар жақсы дайындалып келіпті.

Тартысты кездесулердің бірі қалалық классикалық гимназия мен №5 орта мектеп құрамаларының арасында өтті. Әр ойыншы өз командасының пайдасы үшін себетке допты дәл түсіруге барын салуда. Дегенмен, қалалық классикалық гимназия қыздары өздерінің қарсыластарынан 18:8 есебімен басым түсті. Осыған дейін олар төрт ойын өткізіп, оның екеуінде жеңіске жеткен екен.

Сәния Хамзина, қалалық классикалық гимназия командасының ойыншысы:
Бүгін біз бесінші мектеппен ойнадық. Өте қиын болды. Бірақ, біз ұйымшылдықтың арқасында жеңіп шықтық.

Ойын төрешілерінің айтуына қарағанда, әзірге, №17 ұлттық өркендеу мектеп кешені мен 26-шы орта мектеп командалары жақсы ойындарымен көзге түсуде. Жалпы, жарыс қорытындысы қаңтардың 26-сы, яғни сенбі күні белгілі болады. Жеңімпаздар мақтау қағазы және сыйлықтармен марапатталады.

Әспет Әбдірешова