Мәдениет

Славян және орыс мәдениеті фестивалі

Бұл мейрам облыстық орыс қауымдастығы, «Горькая линия» казактар ұйымы мен православ

ие шіркеуінің

 

 бастамасымен өткізілуде. 5-мерейтойлық фестиваль ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орайластырылған.

Владимир Ивашкин, «Звонница-Наследие» казак вокалдық-хореографиялық ансамблінің директоры:
-20 жыл ішінде жасалған іс аз емес. Әсіресе, Қазақстан халқы ынтымақ пен бірлікте өмір сүруі үшін барлық жағдай жасалуда. Концерт көрермендердің көңілінен шығады деген ойдамын.  

Шығармашылық ұжымдар  әзірлеген концерттік бағдарламаны  көрермен қауым зор ықыласпен қарсы алды. Сахнада өңірдің 13 үздік ұжымы өнер көрсетті. Жиналғандарды Покров мерекесімен Солтүстік Қазақстан облысы шіркеулерінің басшысы, протоиерей Сергий құтттықтады.

 протоиерей Сергий:
–  Орыс халқы өзінің балаларына қамқоршы ананың бейнесін ерекше ықыласпен қабылдады. Бұл күн  ең сүйікті мейрамдардың біріне айналды.

Халық әндерін тыңдап, көңілді билерді тамашалаған жұртшылық «Пакровский перезвон» фестивалінен ерекше әсерге бөленді.

– Мереке өте жақсы деңгейде өтті. Аға буын өкілдерімен қатар жастардың да жиылғаны қуантады.
– Концерттік номірлер көңілімізден шықты. Әншілер де, би ұжымдары да жақсы өнер көрсетті.

Сондай-ақ тұрғындар қолөнер шеберлері туындыларының көрмесін тамашалай алды. Тоқыма орамалдар, ойыншықтар мен түрлі-түсті маржандардан жасалған бұйымдар көрерменнің көз қуанышына айналды.

Инеш Шоқақова