Спорт

Олимпиада күнделігі

 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның есебінде Александр Винокуров пен Зүлфия Чиншанло әкелген екі алтын бар еді. Соңғы алқаны 63 кг дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен спортшымыз Майя Манеза еншіледі. Турнирдің көш басында Қытай елінің спортшылары. Олардың есебінде 10 алтын, 6 күміс және 3 қола медаль бар. Ал қоржындарына 6 алтын, 7 күміс және 5 қола медаль түскен американдықтар екінші орында. Көш басындағы үштікті Франция құрамасы тұйықтап тұр. Олардың пайдасында 4 алтын, 1 күміс пен 4 қола жүлдесі бар. Турнир кестесі бойынша Ресейлік олимпиада командасы 9 орынға түсті. Олардың спортшылары 2 алтын, 1 күміс және 4 қола алқаны еншілеген болатын.

Әспет Әбдірешова