Қоғам

Күзгі аңшылық жылдағыдан кешірек басталады


 

Аң аулау маусымының ашылуына көп уақыт қалған жоқ. Табиғат аясында саятшылық құруды ермек ететін жандар үшін алдағы аңшылық мерзімі бірқатар өзгерістерін ала келмек. Осыған дейін күз маусымында қыркүйектің бірінен аңға шығатындар енді оның алғашқы сенбісін күтетін болды. Бұдан бөлек, жануарларды аулауға байланысты рұқсат құжаттарында бірқатар өзгерістер бар.

 Олег Беспалов, СҚО орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының бас маманы:
– Басты өзгерістердің бірі – тұяқты жануарларды аулаған кезде қорықшының қатысуы міндетті.Аңшының аулауға рұқсат құжаттары болғанымен, жеке дара аң аулауға рұқсат етілмейді.

Тағы бір өзгеріс, егер аң аулау аумағында жүрген адамнан оған қажетті құрал-жабдықтар мен аңның терісі, мүйізі табылса, ол үшін берілген арнайы құжаттары талап етіледі.

 Олег Беспалов, СҚО орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының бас маманы:
– Көлікте аң аулауға қажетті құралдар болған жағдайда, олардың құжаттары болуы керек. Бұл өзгерістер тамыздың бірінен бастап күшіне енеді.

Мамандар заңға енгізілген өзгерістер заман талабына сай дейді. Бұндай қадам браконьерлерден табиғатты қорғау мақсатында жасалып отыр.

Әспет Әбдірешова