Спорт

Баскетболдан облыс чемпионаты

 

Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің арасындағы баскетболдан облыс чемпионаты барлығы 130 спортшының басын қосты. Бұл сында 8 жасөспірім және 5 қыздар командасы өзара сынға түспек.

Жанат Елеусізов, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерімен жұмыс жөніндегі оқу-әдістемелік орталығының директоры:
– Мақсатымыз – бұл жасөспірімдер арасындағы баскетбол үйірмесі спортшыларының деңгейін тексеріп және мықты деген спортшыларды іріктеп, облыс намысын қорғайтын Қазақстан біріншіліктеріне қатысатын спортшыларды анықтау.  

Алғашқы кездесу Тимирязев және Қызылжар аудандарынан келген баскетболшылар арасында өтті. Жарыс нәтижесі бойынша 30:4 есебімен қызылжарлық команда алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Александр Клепарский баскетболмен 6 жылдан бері айналысады. Бүгін спортшы командасының қоржынына 6 ұпай әкелді.

Александр Клепарский, жарысқа қатысушы, Қызылжар ауданы:
– Баскетбол менің сүйікті спортым. Бұл ойында бастысы көбірек ұпай жинау. Жарысқа деген дайындығымыз жаман емес. Жеңіске деген үміт басым.

Қыздар арасында жарыс жүлделерін өзара 5 құрама бөліспек. Тайынша ауданының құрама командасы өткен жылғы чемпионатта жүлделі екінші орыннан табылған. Биыл да жеңіс тұғырынан көріну ойымызда бар дейді қыздар.

Назигүл Қайырбекова, жарысқа қатысушы, Тайынша ауданы:
Біз бұл турнирға келу үшін күн сайын екі сағаттан жаттығулар жасадық. Мында тек бірінші орын алу үшін келдік. Сондықтан ол үшін біз бүкіл күшімізді жұмсаймыз.

Жарыс нәтижесі бойынша жеңімпаздар дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталмақ.

Әспет Әбдірешова