Тартысты доданың бірінші кезеңі «Жастар» стадионында өтті. Онда 4 команда өзара мықтыны анықтауда. Жергілікті “Қызылжар” құрамасы Павлодардың “Ертісімен” бәсекеге түсті. Алаң иелері қарсыластарына әу бастан осал еместіктерін көрсетіп, бірінші болып есеп ашты. Тартысты додаға біздің команданың футболшылары 1 жыл дайындалыпты. Алмас Жолдыбаев бүгінгі ойында жеңіске жететініне сенімді. Алмастың спорттың бұл түріне бет бұрғанына 2 жылдың жүзі. Футбол мен үшін тек ойын емес, салауатты өмір салтына бастар жол дейді спортшы.
Алмас Жолдыбаев, “Қызылжар” командасының қорғаушысы:
–Бүгін 1 ойын өткіземіз. Ертең Көкшетау қаласының құрамасымен ойнаймыз.
Дода 4 кезеңнен тұрады. Сайысқа барлығы 16 жасөспірімдер командасы қатысады. Бүгінгі футболдан ел біріншілігіне жасөспірімдерді дайындаған бас жаттықтырушы Ринат Аминов жыл өткен сайын футболға қызығушы жастардың саны артуда дейді.
Ринат Аминов, бас жаттықтырушы:
– Ойын біздің өңірімізде де ұйымдастырылды. Былтыр Қазақстан біріншілігінде 13-ші орынға ие болдық. Әрине, жақсы нәтиже емес. Бұл жолы жағдайымызды жақсартпақпыз. Ол үшін біраз тер төктік. Біздің аяқ доп шеберлері сенімімді ақтайды деп ойлаймын.
Жексенбі күні “Жастар” стадионында ойынның екенші кезеңі өтеді. Мықтылар 4 команданың арасында анықталмақ.
Гүлбану Ахметова