Қоғам

Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының мерейтойы

 

 

Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғашқылардың бірі болып бірегей зейнетақы жинақтау қорын құрды. Жалпыұлттық ауқымды құрылымдық жүйе жемісін беріп, ел игілігі үшін жұмыс жасап жатыр. Орталық базада 8 млнға тарта салымшы тіркелген. Бірегей зейнетақы қорына барлығы 17 млрд. АҚШ доллары жиналыпты. Бұл жүйе мамандары клиенттеріне 40-тан артық қаржылық операция түрін ұсынады. 168 қызметкердің 70 пайызы жоғары білікті маман. Кәсіби мерекелерінде ұзақ жылғы адал еңбегі үшін бірқатары облыс әкімінің қолынан грамота мен алғыс хатқа ие болды.

Лидия Соловьева, Шал ақын аудандық мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі бөлімшенің ардагері:
– Қазір зейнетақы жүйесі әбден жетілдірілген. Сөздің
шыны керек бастапқыда біраз қиындықтарға тап болдық. Бүгінде салымшылардың көптігіне, қызмет түрлерінің әлдеқайда артқанына қарамастан үздіксіз жұмыс атқарып жатыр. Ізбасарларымыз ісімізді абыройлы жалғай білді.  

Республикалық зейнетақы төлеу орталығының мониторингі бойынша Солтүстік Қазақстан филиалының жұмысы үздік деп танылған. Бұған сүбелі үлес  қосқан белсенділер еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің марапаттарын алды. Мерейтой иелерінің мінсіз қызметі қалалық ардагерлер кеңесінің де жоғары бағасын алды.

Григорий Кухарь, Петропавл қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі:
– Облыс орталығының 57 360 тұрғыны  әлеуметтік жәрдемақы алады. Оның 36 мыңы зейнеткерлер. Барлығы да сіздер көрсететін қызметке жүгінеді. Олардың тарапынан жұмыстарыңызға бір де шағым түспегені алған бағыттарыңыздың оң екендігінің белгісі.  

Орталық үстіміздегі жылдың екінші жартысынан заман талабына сай электрондық қызмет көрсету жүйесіне көшті. Бұл жаңашылдық  қызмет сапасын одан әрі сапаландырудың бірден бір жолы дейді мамандар. Салтанатты жиын соңы концертке ұласты.

Жеңіс Ермұқанов