Сайыс осымен 22-рет ұйымдастырылған. Қала мектептерінен барлығы 28 команда қатысқан шарада оқушылар өздерін жол ережесін реттеуші есебінде танытып, сап құрып, үгіт бригадаларының жұмысын ұйымдастырды.
Нұрлан Мұхамеджанов, Петропавл қалалық ІІБ ЖПБ бөлім бастығы:
– Бұл шара балалардың жол-көлік оқиғаларының кесірінен алатын жарақаттануының алдын алу мен жолда жүру ережелерін сақтауды арттыру мақсатында өткізіліп отыр. № 23 орта мектептің командасы бірінші орынға ие болды. Барлық қатысушыларға сыйлықтар мен жүлделер табыс етілді.
Әспет Әбдірешова