15 жылдың ішнде білім ошағы талай белді спортшыларды тәрбиелеп шығарды. Олардың ішінде еліміз мақтан тұтар республика, Азия және әлем чимпиондары жетерлік. Дмитрий Бабенко, Роман Креч, Наталья Рыбакова сынды спортшылар да осы интернаттың қарлығаштары. Бүгінгі таңда білім ордасында спорттан дарынды 250-ден астам оқушы білім алуда.
Амангелді Дайыров, облыстық спортқа дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат директоры:
– Мектебімізде 17 жаттықтырушы бар. Олардың 9-ы жоғары білімді. Былтыр біздің мектебімізді бітірген Ақан Баймағанбетов – бірінші олимпиада ойындарының жеңімпазы. Біздің мақтанышымыз. 15 жылда біздің интернатты 50–ден астам спорт шеберлері бітірді.
Мереке қарсаңында облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының бастығы Руслан Есеналин еңбегімен ерекшеленген 6 мұғалімге грамота табыстады. 17 жылдық еңбек өтілі бар ұстаз Гүлнар Мұстафина өзіне көрсетілген құрметке дән риза.
Гүлнар Мұстафина,облыстық спортқа дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
– Бүгін әкімнің алғыс хатына ие болғаныма қуаныштымын. Осы мереке қарсаңында барлық ұжымды, мектеп түлектерін және оқушыларды құттықтаймын. Зор денсаулық, ұзақ өмір тілеймін. Елімізде спортты дамыта берейік.
Білім ордасының 15 жылдығы қарсаңында қала әкімінің мұрындық болуымен “Қызылжар Барысы” турнирі ұйымдастырылды. Жарысқа Петропавлдың мықты деген 16 балуаны жиналды. Сырым Қалыбаев қазақша күреспен 5 жылдан бері айналысып келеді. Балуан алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Оның қарсыласы Виталий Васенов болды.
Сырым Қалыбаев, жарысқа қатысушы:
– Қарсыласымның әлсіздігі ол грек–рим күресімен айналысады. қазақша күресті білмейді. Оның әлсіз жері аяғында оны шалып жеңдім, мен басқа күрес түрлерімен айналысқанмын, еліміздің күресі болғандықтан осымен айналысып жүрмін.
Шекарашылар бөлімінің балуаны Дулат Алпысов “Қызылжар барысы” атағына ие болды. Ал екінші орыннан Дәурен Нұрғожин көрінді. Ал үздік үштікті Ерназ Қабдулаев қорытындылады. Балуандар қала әкімінің ақшалай сыйлығы және грамоталармен марапатталды. Енді жеңімпаздар маусым айында өтетін облыстық турнирге жолдама алмақ.
Гүлбану Ахметова