Құқық қорғау органдары

2 елік оққа ұшты

Орман қорғаушылары тексеріс жұмыстарын жүргізу кезінде Арықбалық ауылынан 2 шақырым жерде қарда жүруге арналған көліктің іздерін аңғарған. Бұл іздер оларды орман ішіндегі 2 сібір елігінің жемтігіне әкелген. Оқиға орнына бірден аудандық ішкі істер бөлімінің жедел-тергеу тобы жетті. Тексеру барысында аңдардың оқ тиіп өлгені анықталды. Ауыл тұрғындарын сұрастырған полицейлер бұл оқиғаға 54 жастағы Арықбалық ауылы тұрғынының қатысы бар екендігін анықтады. Сондай-ақ, бұл азаматта тіркелмеген 12-калибрлі қару болған. Қазіргі уақытта еліктердің еттері мен тәркіленген қару сараптамаға жіберілді. Оның нәтижесінде қылмыстық іс қозғалатын болады. Сонымен қатар бұл азамат тіркелмеген қаруды сақтағаны үшін де жауапқа тартылмақ.

Инеш Шоқақова