Аптадағы маңызды жаңалықтар

Сайлау аяқталды

 

Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша,  қаңтардың 15-і күнгі сағат 18-ге дейін 6 млн 694 мың 199 адам, немесе барлық сайлаушылардың 71,98%   сайлауға қатысты.  Оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 79,68 %.

Бұл күні өңірде  739 сайлау учаскесі  жұмыс істеді; оларда  398 мың 895 сайлаушы тіркелген болатын.  

Облыстық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, сайлаушылар дауыс беруге белсенді қатысты. Сайлау тыныштық жағдайында өтті.