Жиында саяси ұйымның облыстық комитетінің бірінші хатшысы Дәукен Темірбаев сөз сөйлеп, өзінің саясатқа келуіне себеп болған оқиғаларды тілге тиек етті. Залдағылар коммунистік партияның туынан бастап, барлық нышандарының қызыл түсті болуының сырын білуге ынтықты. Саяси ұйым өкілдері денсаулық сақтау және білім беруді сапалы етуге қатысты ойларымен бөлісті. Сондай-ақ өткен уақытта атқарылған жұмыстарына есеп берді. Солтүстікқазақстандықтар коммунистік халық партиясының сайлауалды тұғырнамасымен танысты.
Дана Ғизатова