Қоғам

Сайлауалды үгіт науқаны

Қазақстан Коммунистік Халықтық Партиясының құрылғанына биыл 7 жыл толды. Республика бойынша саяси ұйым құрамында 81 500 адам тіркелген, оның 5 385-і солтүстікқазақстандықтар. Қазіргі уақытта өңіріміздің 10 ауданында партияның филиалдары жұмыс істейді. Саяси ұйым өкілдері мәдени- қоғамдық шаралардан тыс қалмай, еңбекпен қамту, адам құқығы, жер мәселелері бойынша тың бастамалар көтеріп, оларды шешуге атсалысты. Ендігі міндет алдағы сайлауды ойдығыдай өткізу. Коммунистік партия барлық деңгейдегі мәслихаттарға үш адам, ал Парламент Мәжілісіне бір азаматты ұсынған. Саяси жарыстан өтсе,  бұл партиядан ұсынылған азаматтар ең алдымен мүгедектердің мәселесін шешуге атсалысамыз деп отыр.

Дәукен Темірбаев, ҚКХП СҚО филиалының бірінші хатшысы :
– Өңірімізде жарымжан жандар баршылық. Бізше көп жағдайларда әл-ауқаты төмен, денсаулығы мүшкіл жерлестеріміздің құқықтары аса қорғала бермейді. Мәселен,  кеше ғана қаламыздың әлеуметтік нысандары мен сауда орындарын араладық. Көбінде мүмкіндіктері шектеулі жандарға мүлдем жағдай жасалмаған.

Осы төңіректе Қазақстан Коммунистік Халықтық Партиясының облыстық филиалы жергілікті әкімдікке ұсыныс хат жіберді.
 
Жеңіс Ермұқанов