Қостанайлық коммунистердің көшбасшысы Дмитрий Легких студенттермен және партияның солтүстікқазақстандық өкілдерімен кездесіп, еліміздің өткені мен бүгіні туралы сөз етті.
Дмитрий Лёгких, Қазақстан коммунистік халық партиясы Қостанай облыстық комитетінің бірінші хатшысы:
-Менің лекциям тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналды. Бастан өткерген қиындықтар мен бүгінгі даму бағытымыз әңгіме өзегіне айналды. Жастардың қойған сұрақтарына жауап бердім.
Еліміздің әрбір азаматы қаңтардың он бесінде болатын сайлауда өз таңдауын жасап, азаматтық борышын өтейді деген үмітте коммунистер. Олар жаңа жылда үлкен өзгерістердің болатынына сенімді.
Дәукен Темірбаев, Қазақстан коммунистік халық партиясы СҚ облыстық комитетінің бірінші хатшысы:
-Келе жатқан жыл айтулы болмақ. Ең алдымен 2012 жылы Мәжіліс сайлауы өтеді. Бұл сайлаудан қоғам көпті күтіп отыр. Бірінші кезекте саяси өзгеріс болуы керек.
Коммунистік халық партиясы өкілдерінің кездесуі мерекелік концертке ұласты.
Айымгүл Әбілева