Қоғам

Жастар дін жөніндегі білімдерін толықтырды


 

Бүгінгі таңда жастардың діни сауаттылығын арттырудың маңызы зор дейді мамандар. Өйткені  өскелең ұрпақтың радикалдық діни ағымдардың ықпалына түсу фактілері бар. Ал теріс пиғылдағы ағымдар мен секталар жастардың санасын жат дүниелермен улап, теріс бағытта тәрбиелейді. Бұл ретте алдын алу шараларына үлкен көңіл бөліп, кейінгі буын арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Бүгінгі кездесудің көздегені де осы.

Сәуле Сүлейменова, ҚР ІІМ ІӘ Әскери институтының аға ғылыми қызметкері:
-Жастарға ненің жақсы, ненің бұрыс екенін түсіндіру керек. Олар теріс бағыттағы діни ұйымдардың ықпалына тез түсіп қалады. Мұның алдын алу қажет. Кездесуде осы жөнінде айтамыз.

Кездесуде дін өкілдері мен дін істері жөніндегі департамент мамандары әлемдегі, еліміздегі діни ахуал жөнінде әңгімеледі. Діни тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін мемлекетімізде тиісті шаралар қолға алынып жатыр.
Биыл мамыр айында дін мен мемлекеттің қарым-қатынасын реттейтін арнайы Агенттік құрылған еді. Ал жақында дін туралы жаңа заң қабылданды. Өзгертулер еліміздегі діни ұйымдардың жұмысын реттеуге бағытталған. Жиында студенттер жаңа қабылданған заң жөнінде мағлұмат алып, қызықтырған сауалдарын қойды, дін жөніндегі білімдерін толықтырды.
 
 Айымгүл Әбілева