Құқық қорғау органдары

Алаяқтық

 

 

 

 

Бейтаныс адам зейнеткерге 39 жасар ұлының есірткі сатып, қолға түскенін хабарлайды. Ол өзін полиция қызметкері деп таныстырып, ұлын босату үшін азаматшадан белгіленген есепшотқа 500 мың теңге аударуды талап еткен. Мұны естіген зейнеткер бірден ұлына телефон шалады. Оның жауап бермегеніне үрейленген азаматша бейтаныс адамның сөзіне сеніп, ақша жинауды бастаған. 300 мың теңге оның үйінде болыпты, ал қалған соманы туыстарынан қарызданып тауып алады. Кешке таман азаматша бұл соманы төлем терминалы арқылы банктегі есепшотқа аударған. Тек ұлына хабарласқаннан кейін алаяқтықтың құрбаны болғанын түсінеді. Болған жағдайды естіген зейнеткердің ұлы бірден банкке хабарласып,  алаяқтардың ақшаны алып үлгеруіне кедергі жасаған. Полицейлер қазіргі таңда бұл есепшоттың кімдікі екенін анықтауда.

Инеш Шоқақова