Мәдениет

Қарттар күні Петропавлда кеңінен атап өтілді

 

Шағын бақтардың салтанатты ашылуымен басталған қарттар күнін тойлау орталық алаңда жалғасын тапты. Аға буын өкілдерінің құрметіне бұл күні қалалық өнер ұжымдарынан ән мен би тарту етілді. Қариялардың көңілі шат, жүздерінде күлкі. Мұндай шаралар тек бір күн емес, жыл бойы жалғаспақ дейді ұйымдастырушылар.

Нелли Синельник, Петропавл қалалық мәдениет үйі директорының орынбасары:
– Бүгінгі мереке ең мейірімді, шуақты мейрамдардың бірі. Әзірлеген концерттік бағдарламамыз қарттардың көңілінен шыққанына қуаныштымыз. Кешке дәстүр бойынша би кеші өтеді деп жоспарлануда.

Қариялар мұндай сый-құрметке қуаныштарын жасыра алмады.

Қозыбай Әбдірахманов:

-Бүгін тамаша концерт ұйымдастырылып жатыр. Ризамыз. Еліміз, жұртымыз тыныш болсын.

Жылдар бойы аянбай еңбек етіп, ел ертеңінің жарқын болуына ат салысқан қарттарға кейінгі буынның айтар алғысы шексіз.

Мен қарттарды осы мерекемен құттықтаймын. Зор денсаулық, мол бақыт тілеймін.
Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына аман-есен жетіп отырғанымыз осы қарттарымыздың арқасында. Оларға зор денсаулық тілеймін. 

Инеш Шоқақова