Бұл міндетті төлемді облыстық Салық департаментінде тіркеуде тұрған 1744 көлік иесінің 1310-ы көлігінің маркасына қарай өтеуі тиіс. Бүгінге күні қазынаға 73 млн теңгенің 58 млн теңгесі ғана түскен. Демек, салықтың әлі 20 пайызы өтелмеген.
Сәлима Рамазанова, СҚО Салық департаментінің бас маманы:
– ҚР Салық кодексінің 371-бабына сәйкес заңды тұлғалар ағымдағы төлемдер есеп-қисабын 5 шілдеден кешіктірмей көлікті тіркеу орны бойынша салық органына тапсырады. Белгіленген мерзімде төлемеген жағдайда салық сомасына өсімпұл есептеледі.
Кәусар Аяпбергенқызы