Аптадағы маңызды жаңалықтар

Мағжан Жұмабаев ауданындағы орақ науқанының барысы

 

Облыс әкімі Серік Біләлов алдымен Фурманов селолық округіне қарасты «Акса Север» ЖШС егінжайын аралады. Шаруа қожалығы биыл 5270 гектар алқапқа дән сепкен. Науқанға шетелдің өнімділігі жоғары 6 «Акрос» және 4 «Енисей» комбайны жұмылдырылған.  Бұдан соң облыс әкімі мал фермасында болды. Нысанда қазір қалпына келтіру жұмыстары қолға алынған. Болашақта мұнда асыл тұқымды мал басын көбейту жоспарланып отыр. Серік Біләлов «Новотроицкое» серіктестігінің күзгі дала жұмыстарымен де танысты. Үш мың гектар алқапқа дән сіңірген диқандар бүгінде ораққа мықтап кіріскен. Жанар май жеткілікті. Элеваторлармен келсім-шарт жасалған. Полудин селолық округіне қарасты «Нива» шаруа қожалығының тындырған шаруасы да назардан тыс қалмады.. Мұнда гектар берекелілігі орта есеппен алғанда шамамен 23-24 центнерден айналуда.
  Облыс әкімі «Богви» серіктестігіне де соқты. Биыл шаруашылық он мың гектар алқапқа егін сепкен. Енді міне гектарынан 20 центнерден өнім алуда. Мұнда сары алтынды дала басынан қырманға тасымалдауға 22 техника жұмылдырылған.
  Бұдан соң аймақ басшысы «Луч» шаруа қожалығының орақ науқанымен танысты. Басшылық күзгі жиын-терінді белгіленген межеде аяқтайтындығын жеткізді.

Алексей Опрышко, «Луч» ШҚ басшысы:

– Серіктестігімізде барлығы 11 комбайн бар. Оның жетеуі астықты жинаса, қалған төртеуі оны жығады. Гектарынан 25 центрнерден өнім алудамыз. Ауа райы қолбайлау болмаса, науқанды биыл белгіліенген межеде аяқтаймыз.

«Әлжан жуан» шаруашылығында алты «Дон» және екі «Есіл» комбайыны жиын-терінге кіріскен. Ұзынкөл селолық округіне қарасты «Рика КZ» және «Үлгілі» серікстестіктерінде де жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде. Серік Біләлов жұмыс сапарының соңында «Таманское» және «Авангард СКО» серікстестіктерінің танап басында болды. Диқандармен кездесу барысында Серік Біләлов қыркүйектің үшінші онкүндігінде суық түсетінін айтты. Ауа райы бұзылмай тұрып, қолайлы сәтті мейілінше пайдаланып, бар күшті астықты ысырап қылмай жинап алуға жұмылдыру керек деді.