Ауыл шаруашылығы

Орақ – 2011

 

Ауыл шаруашылығы департаментінің мәліметтеріне қарағанда шалғы тиген алқаптардағы гектар берекелігі 17,1 центнерді құрайды. Сондай-ақ ағымдағы жылы 298 мың 700 гектар жерге майлы дақылдар отырғызылған. Диқандар оған да орақ салды. Қазіргі кезде 24 мың гектардан аса алқаптағы дақыл орылды. Шаруашылықтар егін орумен қатар химиялық өңдеуді де қатар жүргізуде. Қазіргі таңда 111 мың 500 гектар жерге дәрі себілді. Жалпы ағымдағы жылы топыраққа 17 мың тоннадан артық минералды тыңайтқыш енгізілген. Жем-шөп дайындау жұмыстары да жалғасуда. Бүгінгі күні 2 мың 400 тонна сүрлем мен 92 мың тонна жарма қорда бар.

Дана Ғизатова