Билік

«Нұр Отанның» қатары толықты

 

 

 

«Нұр Отан» ХДП Петропавл қалалық филиалының құрамында 5049 адам бар және 34 алғашқы ұйым кіреді. Үстіміздегі жылы партияға мүшелікке 191 қала тұрғыны өткен. Конституция күні қарсаңында 13 петропавлдық саяси ұйымның алған бағытын қолдап, оның қатарын толықтырды. Билеттерді партияның қалалық филиалының төрағасы Нұржан Әшімбетов табыс етті.  Партияға қабылданғандардың қатарында жұмысшылар, студенттер мен еңбек ардагерлері бар. Олардың әрқайсысы бас партияның құрамына ену арқылы үлкен жауапкершілік арқалап отыр.

Ескендір Елеусізов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

-Біз облыстың ардагерлерімен жұмыс істейміз. Өңірімізде 96 мыңнан аса аға буын өкілдері бар. Бүгін партия құрамына кіре отыра асқан жауапкершілікті сезініп отырмыз.

Кездесу соңында Нұржан Әшімбетов ұлт көшбасшысы төрағалық ететін бас партияның міндеттері мен жоспарлары жайында айтты. Бұл мақсаттарға жету жолында аянбай еңбек ету  қажеттігі атап көрсетілді.

Әсем Рахметова