Қоғам

Мемлекеттік қызметшілер арасындағы пікірсайыс

 

Облыстық дебат ойындары 2-ші жыл қатарынан өткізіліп келеді. Алайда өткен жылы сайысқа 16-30 жас аралығындағы кез-келген саланың маманы қатысса, биыл 20-30 жастағы мемлекеттік қызметшілер ғана бағын сынады.

Ернияз Сұлтанов,  облыстық тілдерді дамыту басқарманың бас маманы:
– Көздегеніміз – мемлекеттік органдардағы қызметкерлердің тілге деген сүйіспеншілігін арттыру және өз көзқарастарын еркін дәлелдей білу.
Барлығы дебат ойынына 10 команда қатысуда.

Пікірсайыс еліміздегі тіл туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тақырыбын арқау еткен. Тіл жанашырлары Ата заңымызға өзгертулер енгізу арқылы ана тіліміздің мәртебесін көтеру керектігін алға тартты. Айыртау ауданының намысын қорғаған “Тұлпар” тобы осындай бағытты ұстанды.

Серік Елемесов,  “Тұлпар” тобының мүшесі:
-Қазақ тілінің статусын қоғамда көтеру үшін мен мынандай ұсыныс жасар едім: 2-тараудың 8-бабында бізде жазылған, тіл туралы заңда яғни іс-қағаздарды жүргізу қазақ тілі сонымен қатар орыс тілі деп.
Оған мынандай өзгеріс енгізу керек, яғни іс-қағаздарды жүргізудің бірден-бір тілі – қазақ тілі. Қазақ тілінің ҚР-да мемлекеттік тіл ретінде дәрежесінің көтерілуі – ол табиғи заңдылық.

Даттаушылар қатарында болған “Жеңіс” командасы бұл мәселеге қатысты өз пікірлерін білдіріп, оның дұрыстығын дәлелдеуге тырысты. Есілдіктердің ойынша заңды сол қалпы қалдырып, құжатты 2 тілде ресімдеген жөн

Гүлмира Жанботина, “Жеңіс” тобының мүшесі:
Егер де тілге өзгеріс енгізіп, бірыңғай қазақ тілі болса, онда қоғамға өте ауыр болатын сияқты. Өйткені бірден тек қана 1 тілде қарымқатынас жасау өте қиын. Сондықтан да өзгеріс енгізудің керегі жоқ деп ойлаймын.

Тілім деп шырылдаған жандар бүгінгі пікірталасқа аз болса да мемлекеттік тілдің дәрежесін көтеруге үлес қосамын деп қатысты. Демек, олардың көздегені жеңіс емес, ана тіліміздің мәртебесін асқақтату болар.

Айдана Демесінова