Қайырымдылық

Энергетиктер оқу құралдарын сыйлады

 

 

 

 

 

Қазіргі таңда «Жұлдыздар» отбасында 13 жеткіншек  тәрбиеленеді. Олардың әрқайсысы жаңа оқу жылына қызу дайындалып, асыға күтуде. Ал демеушілер сыйға тартқан мектепке қажетті құралдар балаларға  үлкен көмек.

Олег Перфилов, «СевКазЭнерго» АҚ басқарма төрағасының өндіріс істері жөніндегі орынбасары:
Бүгін балаларды жаңа оқу жылымен құттықтауға келіп отырмыз. Оларға арнаған шағын сыйлықтарымыз да бар. Шамамен 1 млн 800 мың теңгеге бөлмелерді жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ең қажетті деген жабдықтар сатып алдық.

Сан алуан отандық телеарналарға қосылған  көгілдір экран алдына балалар жарыса жиылды. Бұл да «СевКазЭнерго» АҚ өкілдерінің балаларға дайындаған кәдесі. Олар жеткіншектердің бос уақыттарын көңілді өткізулеріне де ерекше мән беріпті.

 – Мен 11-сыныпқа көштім. Сыныптастарым мен 11-сынып оқушыларына алдағы сынақтан сүренбей өтулерін тілеймін. Демеушілеріміздің тартуы өте орынды деп ойлаймын.


– Біз 1-қыркүйекті асыға күтіп жүрміз. Жаз мезгілінде өте жақсы дем алдық. Демеушілеріміздің көмегімен Астана қаласына саяхатқа бардық. Елордамыз күн санап өзгеруде, бізге өте ұнады.

Кілемдер, мектепке қажетті жабдықтар мен шаңсорғыш. Мұның бәрі балалардың жаңа оқу жылына сақадай сай болып, оқудан соң жайлы үйлеріне қуана оралуы үшін жасалған. Мектеп-интернат ұжымы бұл сыйлықтарды зор ықыласпен қабылдады.

Жәзира Ғабдулина, облыстық жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат директорының орынбасары
– Балалар бәрі өте дарынды.Сурет те салады, спорттық үйірмелерге қатысады.Ән айтады.   Сыйлықтар балаларға үлкен көмек болды.

Инеш Шоқақова