Қайырымдылық

“Мектепке жол”

 

 

 

Мектеп табалдырығын аттар күн алыс емес. Айман Ибраева – алты баланың анасы. Оның төртеуі оқушы. Барлығын бірдей мектепке дайындау анаға үлкен салмақ. Сондықтан ол акцияның ұйымдастырылып жатқанын естігенде қуанып, баласы Аскармен келген. Ибраевтар отбасы қайырымдылық шарасының көмегіне үш жыл бойы сүйеніп келеді.

Айман Ибраева,  көпбалалы анна:
– Көпбалалы ата-аналарға ғана емес тұрмысы нашар отбасыларға жиі болса, соған біз өзіміздің рақметімізді айтар едік.

Балаларға алдымен кең дастарқан жайылып, мектепке қажет құрал-жабдықтар мен киім-кешектер тарту етілді. Төртінші сыныпқа баратын Асқар сыйлықтарды қуана қабылдады. Енді жақсы оқуға тырысамын дейді ол.

Асқар Ибраев, қалалық классикалық гимназияның 4 ә сынып оқушысы:
– Міне кеңсе тауарларын беріп жатыр. Сол үшін бәріне рахмет, мектепке ол барлығы керек. Мектепте біз оқимыз оқығанда олар керек болады. Олар бермесе кім береді екен жай адамдар бермейді.

«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы 11 жасқа дейінгі 80 бүлдіршіннің басын қосты. Шараны ұйымдастыруға «Беташар» қоғамдық бірлестігі мұрындық болды.

Галина Калинкина, “Беташар” ҚБ президенті:
– Бұл көмек көпбалалы отбасыларға өте қажет. Біз балаларға тек жақсы көңіл-күй сыйлап қана қоймай, оларға мектепке қажетті кеңсе тауарлары бар дорба мен киім-кешек сыйлаймыз.

Қайырымдылық шарасын ұйымдастырушылар бұл бір реттік акция емес, болашақта та бүлдіршіндерді қолдап тұрамыз деп отыр.