Балалар

«Жастар тәжірибесі» бағдарламасы

«Жастар тәжірибесі» бағдарламасының жолдамасымен “Полиграфия” АҚ-на қызметке 3 маман келген. Кәсіпорында жұмысшы тапшылығы мүлде жоқ, дегенмен қазірде мұнда аудармашы, сылақшы және электромонтер мамандар оқуда алған білімдерін тәжірибемен ұштастырып жүр. Солардың бірі Дамир Ақпантаев.

 Дамир Ақпантаев, жас маман:
-Мұндағы жұмыс өзіме ұнайды. Ақша да төлейді. Қазір колледжден соң жұмыс табу өте қиын. Сондықтан осында орналасқым келеді.

Колледж түлектері бағдарлама аясында мұнда  бір айдан бері қызмет жасап жүр. Өз біліктіліктерін көрсете білуде бұл мерзім жеткілікті болған көрінеді.

 Бибігүл Жәкешова, “Полиграфия” АҚ корректоры:
-Осы бағдарламамен бізге 3 адам келді.
Бәрі де талапты, білімді. Сондықтан олардан көп үміт күтеміз.

Ал “Изолит” ЖШС керісінше жас мамандарды қуана қабылдайды. Шілде айынан кәсіпорында 8 түлек қызу еңбекке араласып үлгеріпті. Цехтағы жұмысты толық меңгеріп алған Артур Маер осында жұмысқа қабылданатынына тіпті күманданбайды.

Артур Маер, жас маман:
-Мұнда жұмыс істеген өте ұнайды,  еш қиындығы жоқ. Бәрін тез үйреніп алдым, жұмыс кестесі де қалыпты. Мені жұмысқа алады деп ойлаймын.

Кадрлар бөлімі бастығының айтуына қарағанда, қазірдің өзінде олар 4 маманды сенімді түрде жұмысқа қалдырмақшы. Алдағы уақытта шеберліктеріне қарай басқаларын да сынай жатады.

Любовь Коваленко, “Изолит” ЖШС кадрлар бөлімінің бастығы:
-Бізге мамандар аса қажет. Сондықтан жастар қанша келсе де біз қуана қарсы аламыз. Олар білімді, техниканың тілін біледі. Ал жақында біз жаңа құрылғылар аламыз.

Бағдарламаға қатысатын жастар айына 26 мың теңге көлемінде жалақы алады. Ал желтоқсан айында, тәжірибе мерзімі аяқталысымен олардың тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндіктері бар.

Ғалия Сәбитова, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы:
-Бағдарламаға республикалық бюджеттен 28 млн теңге бөлінді. Қазірде қаланың 53 кәсіпорнында 137 маман қызмет етіп жүр.  

Бүгінге дейін бағдарламаға петропавлдық 16 кәсіпорын қатысуға ниет білдіріп, 90 бос жұмыс орнын ұсынған екен.

Кәусар Аяпбергенқызы

 Дамир Ақпантаев, жас маман:
-Мұндағы жұмыс өзіме ұнайды. Ақша да төлейді. Қазір колледжден соң жұмыс табу өте қиын. Сондықтан осында орналасқым келеді.

Колледж түлектері бағдарлама аясында мұнда  бір айдан бері қызмет жасап жүр. Өз біліктіліктерін көрсете білуде бұл мерзім жеткілікті болған көрінеді.

 Бибігүл Жәкешова, “Полиграфия” АҚ корректоры:
-Осы бағдарламамен бізге 3 адам келді.