Спорт

“Үміт” спартакиадасы



Спартакиадаға қатысушылардың әрбірінен жеңіске деген талпыныс аңғарылады. Енді мұны іс жүзінде дәлелдеу қалды.

Руслан Есеналин, облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы бастығының орынбасары:
-Елбасы жолдауында дене шынықтыру және спорт саласын дамытуға үлкен көңіл бөлінеді. Осы мақсатта түрлі жарыстар үйымдастырылады. Сіздерге спортта жетістік тілеймін.

Жарысқа 13 ауданның спортшылары жиылды. Барлығы 150 үміткер. Шал ақын ауданының намысын 4 спортшы қорғамақ. Солардың бірі – Бәйкен Балгужин. Ол мұндай спартакиадаға алғаш қатыссам да, жеңісті қолдан бермеуге тырысамын дейді.

Бәйкен Балгужин, жарысқа қаттысушы, Шал ақын ауданы:
– Жыл сайын мүгедектер арасында осындай спартакиада өтіп тұрады. Шал ақын ауданынан келдім шахматтан. Осындай игі бастама жалғаса берсин деймин.

Дәстүрлі жарысқа қатысуға ниет білдірген спортшылардың саны жыл сайын артып келеді.

 Александр Мицих, ұлттық санаттағы төреші:
– Әр ауданда спорттың белгілі бір түрі жақсы дамыған. Соған байланысты қатысушылардың деңгейі де әртүрлі. Бұл жарысқа есту қабілеті нашар, тірек-қимыл жүйесі зақымданған мүгедектер қатысады.

Жарыс жеңімпаздары үшінші республикалық параолимпиада ойындарына жолдама алады. Ол қазан айында Шымкентте өтпек.

Инеш Шоқақова