Билік

«Жұмыспен қамту – 2020»

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің есебі бойынша бағдарлама сәтті жүзеге асса, еліміздегі кедейшілік деңгейі 6 пайызға төмендейді. Сондай-ақ жұмыссыздықты 5,5 пайыздан асырмау міндеті қойылып отыр. Солтүстік Қазақстан облысында бағдарламаны орындауға 1 млрд 800 млн теңге қарастырылған. Жоба әлеуметтік саланың маңызды деген тұстарын қамтиды. Аймақ басшысына облыстық еңбек және жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының бастығы Асқар Сақыпкереев есеп берді.

 

 

Асқар Сақыпкереев, облыстық еңбек және жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының бастығы :

-Қазір бағдарламаны жүзеге асырудың жобасы бекітілді. Әкімдіктің қаулысымен комиссия құрылып, мәслихат сессиясында мақұлданды. Қазір қалалық және аудандық комиссиялар құрылды. 95 адам бүгінгі күні жұмыс істеп жатыр. Еңбекпен қамту орталықтары ашылып, олардың жетекшілері бекітілді.  

Бағдарлама аясында қайта даярлау және біліктілікті жоғарылату курстары қарастырылған. Серік Біләлов мамандық меңгеретін азаматтардың жұмыспен қамтылуын қатаң бақылауда ұстау керектігін ескертті. Жоба болашағы жоқ ауылдардың санын да қысқартып, тұрғындар ірі елді мекенедерге көшіріледі. Оларға жаңадан үй салынады. Өңірде 78 болашағы жоқ ауыл бар. Халықтың тұрмысын жақсарту үшін шағын несиелер де беріледі. СҚО 200 млн теңге қарастырылған. Қазір несие алуға жерлестерімізден 208 өтініш түсіпті. Олардың көбі мал алуды көздейді. Сондай-ақ кәсібін кеңейткісі келетіндер және шаруа қожалықтары да жылдық пайыздық үстемесі 6 процент болатын несиеден үміттене алады. Серік Біләлов бағдарлама әлеуметтік көмекті қажет ететін отбастарын қамту керек деді. Жобаны жүзеге асыруға қатысатындар осы жағына аса жауапты болуы керек.

Дана Ғизатова