МТРА жаңалықтары

ҰБТ-ға әзірлік

 

Облыс орталығының жалпы білім беретін оқу ордаларының түлектеріне білгеніне білім қосу мүмкіндігі туып отыр. “Парасат” интеллектуалдық тобының негізгі мақсаты – мектеп оқушыларының ой- өрісін кеңейту. Алғашқы мақсат – болашақ талапкерлердің ҰБТ-дегі көрсеткішін жақсарту. Осы орайда мемлекеттік сынаққа енетін   пәндерден терең білім алу үшін қосымша сабақтар ұйымдастырылып отыр.

Сәлімхан Сәбитов, №13 мектеп оқушысы:
-Қосымша сабақтардың көмегі өте көп.
ҰБТ қиынға түсетіні белгілі. Сол қиындықтардан өту үшін біз осында қосымша білім алып жүрміз. Көптеген сұрақтардың жауабын осы жерде таптым.

Қала әкімінің тапсырысымен ашылған топтар
15 мектептің жанынан құрылған. Онда 42 білікті ұстаз сабақ береді.

Валентина Измайлова, “Бэст” гимназиясының математика пәнінің оқытушысы:
Мектептерде тестілеуге көп көңіл бөлінеді. Десе
де барлығын қамтуға уақыт аз. Біз онда қозғап үлгермеген тақырыптарды көтереміз. Есептерді шешудің тиімді әрі жылдам жолдарына үйретеміз. Себебі ҰБТ берілген уақыт жетпей жатады ғой.

Игі шара алдағы уақытта ауқымын кеңейтпек.

Күлзағира Нұртаева, Петропавл қалалық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі:
Осы жұмыстың келешегі келешегі зор деп ойлаймыз. Келесі оқу жылының басынан бастап осы жұмысты қолға алып, жалғастырсақ тек 11 сынып емес,
орта буын оқушыларымен, дарынды балалармен жұмысты бір жолға қоюға үлесін қосады деп санаймын.

Бүгінде тың бастама облыс орталығының 800-ден астам білім қуған б
аласын қамтып үлгерген.