Қылмыс

2 килограмм есірткіні балтырына байлап алған

 

 

 

 
Ресей Федерациясының астанасы Мәскеуге жол тартқан «Мерседес» көлігінің иесі жергілікті тәртіп сақшыларының күдігін тудырғандықтан жіті тексерістен өткен. Мамлют аудандық ішкі істер бөлімінің полицейлері, ҰҚК мен шекара қызметкерлері 22 жасар әйел жасырып алып өтпек болған есірткіні тәркіледі. Улы затты табуға иісшіл иттер мен арнайы тексеру қондырғылары септескен. Пакеттерге салынған ескірткіні Қырғызстан азаматшасы аяғына байлап алған. Сезікті нашаны өз елінде сатып алып,  пайда түсіру мақсатымен Мәскеуге аттанған.

  Әлия Ешпенова,  СҚО ІІД ЕБҚКБ инспекторы:

-Сараптаманың қорытындысы бойынша тәркіленген есірткі канабис смоласы болып шықты. Жалпы салмағы екі килодан артық. Бұл факті бойынша ҚР ҚК 250 -бабының 4- тармағы бойынша есірткі контрабандасы  туралы қылмыстық іс қозғалды.

Қылмыстық істі тексеру барысында есірткі контрабандасына тағы бір адамның қатысы бар екені анықталып, көп ұзамай «Мерседес» автокөлігінің екінші жолаушысы да ұсталған. Қазіргі кезде екі күдікті де қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде. Жалпы үстіміздегі жылы тәртіп сақшылары заңсыз айналымнан 213 кг әр түрлі есірткі заттары тәркілеген.

 Гүлден Сәрсенбаева