Аптадағы маңызды жаңалықтар

“Арселор Миттал Теміртаумен” тиімді ынтымақтастық орнатылады

 

 

 

 

Теміртаулық меймандар алдымен “ЗИКСТО” АҚ жұмысымен танысты. 2008 жылдан бері отандық вагон құрастыруды қолға алған зауыт бүгінге дейін 600 жартылай вагонды құрастырыпты. Қуаттылығын арттырып биылдың өзінде тағы сонша жүк хоперлерін Қазақстан темір жолына қоюды көздеп отыр. Жыл басынан 130-н ішкі нарыққа  жөнелтіп үлгеріпті. Алдағы уақытта айына 50 астық тасығыш құрастыруға бел буып отыр. Вагон құрастыруға қажет қосалқы бөлшектердің тек 40 пайызы ғана отандық тауар өндірушілерден алынады екен. Негізгі қозғалтқыш саймандары Ресейден жеткізіледі.

  Валерий Спицын, “ЗИКСТО” АҚ бас директорының орынбасары:
– Біз Теміртау зауытынан шикізат аламыз. Алдымен 120, былтыр 1800 тонна метал жеткізілді . Биыл оларға 3200 тоннаға тапсырыс бердік. Сонымен қатар кездесуде Ресейден жеткізілетін агрегат, қосалқы бөлшектерді әзірлеп берулерін сұрадық.

Бұл үдемелі индустриалық- инновациялық даму бағдарламасы аясындағы вагон жинаудағы Қазақстандық мазмұнды ұлғайтып, шет елдерге жіпсіз байланған тәуелділіктен босатады дейді зауыттықтар. “Арселор Миттал Теміртау” АҚ өкілдері әріптестік қарым- қатынас орнатуға әзір екендіктерін жеткізді.
Бұдан кейін теміртаулық делегация Петропавл ауыр машина жасау зауытын аралады, кәсіпорынның мұражайында болды. ҰОС кезінде әскери техника мен қару-жарақ жасаған зауыт, бүгінде ауылшаруашылығы техникасынан бастап, мұнай өндіруге қажетті құралдарды шығарады. Зауыттың қонструкторлар бюросы мен цехтары заманауи құрылғылармен жабдықталған. Теміртаулықтарды әсіресе мұнай кеніштерінде пайдаланылатын бұрғылау қондырғылары қызықтырды.

Франк Паннир, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ  Бас директоры:
-Бұл менің Петропавлға алғаш келуім. Ауыр машина құрастыру саласында біраз жетістіктеріңіз бар екен. Қысқа сапарымның өзінде бірлескен табысты жұмыс жасауға көптеген мүмкіндіктердің бар екенін байқадым.
Біз сіздерге машина жасауға қажетті шағын және орташа көлемдегі саймандарды жеткізе аламыз. 6 аптаның ішінде бәрін салмақтап, нақты істерге көшу керек деп ойлаймын.   

 Жеңіс Ермұқанов