Университеттің бар қызығы тойланатын осы қасиетті акт залында театрдың тұсауы кесіліп, осында барлық дайындықтары мен премьералары өтті. Бұған дейін театр ұжымы «Тор», «Аңшы мен қасқыр», «Диляфруздың 4 күйеуі» сияқты әр түрлі жанрдағы қойылымдарды сахналады.
Қажыбай Айтыбаев, «Шаңырақ» студенттер театрының режиссері:
– 2001 жылы С.Мұқановтың «Сұлушаш» пьесасымен ашылған. Бүгінге дейін 11 спектакль қойдық. Оның 3-уі комедия, 1-уі поэзиялық драма, 2-уі трагедия, қалғаны драма. Біз жалпы облысқа танымал болдық. Жақында Алматыда өткен фестивальға қатысып Ғ.Мүсірепов атындағы театрдың сыйлығын жеңіп алдық.
Көрерменнің көз алдында тізілген ақ пен қара аралас көрініс – бүгінгі қоғамның бейнесі. Адамды тура жолдан тайдыратын зұлымдық пен ақ жолға бағыттайтын періштелер өмірде көзге көрінбесе де қойылымда олардың пендеге жасар әсері ашық көрсетілді. «Адалдық пен арам – мұның бәрі адам». Көрерменге ой салар спектакльдің негізгі мәні осы сөзде жасырынған. Осылайша сахнадағы 7 актер бүгінгі қоғамның ащы шындығын көркем бейнелеп берді. Осындай мазмұнды спектакльдерді ұсынып жүрген театр ұжымына университет ректоры Оңдасын Әшімовтің атынан грамота табыс етілді.
Залдағы өзге жұртқа келелі ой салды, ал өзі сабақ алып қана қоймай қазақшаға тілін жаттықтырды. Бұл басты рөлді сомдаған Сәлімхан Сәбитке қатысты айтылған сөз.
Сәлімхан Сәбит, театр актері:
– Өзім орыс мектебінен болғандықтан қазақ тілі қиын берілді. Сондықтан ана тілімді ұмытпау үшін келдім. Бұл бір жағынан. Екінші жағынан Қажыбай ағай маған көп нәрсе үйретті. Театрға келгенде мен басқа әлемге енгендей демалып қаламын, мұнда басқа адам болып кететін сияқтысың.
Өнерге баулып, сахна мәдениетін үйреткен театрдың қуанышына ортақтасуға режиссердің өнердегі достары мен театрдың бұрынғы түлектері де арнайы келіпті.
Нұрболат Орынбаев:
– «Шаңырақ» театрынан көп өнеге алдық. Қоғамдық болмыстың төртінші элементі ретінде театрдың бізге берері көп.
Басқа мамандықты меңгере жүріп, өнерден де құр қалмаған жастардың «Шаңырақ» аясында әлі көпті сүйсіндіре аларына сенім мол.

Кәусар Аяпбергенқызы