Билік

Көкөніс керуені

 

 

 

Көкөніс тиелген екі көлік қырғыз елінен келді. 70 тонна картоп, қырыққабат, сәбіз, пияз “Қызылжар Ақбастау” коммуналдық базарының көкөніс қоймасына түсірілді.

Нұржан Әшімбетов,  Петропавл қаласының әкімі:
– Облыс әкімінің тапсырмасымен көкөністі тура жеткізуді қолға алдық.
Бүгін осындай бірінші партия келді. Біз оны тура сатамыз.

Сондықтан өнімнің бағасы нарықтағыдан төмен болмақ. Көкөніс “Қызылжар Ақбастау” коммуналдық базары мен “Шапағат” дүкенінің сауда сөрелеріне түседі. Картоп пен пияздың келісі – 115 теңге, қырыққабат – 110, сәбіз – 85 теңгеден сатылады. Облысқа оңтүстіктен көкөніс енді тұрақты түрде жеткізіліп тұрмақ.

Анатолий Кутс:  
Петропавл қаласы әкімдігімен жұмыс істейміз. Келісім аясында бірінші партияны жеткіздік. Әрі қарай да әріптестігімізді жалғастырамыз.

Жергілікті атқарушы билік азық-түлік бағасының қатаң бақылауда екенін айтады.

Нұржан Әшімбетов, Петропавл қаласының әкімі:
Бағалар біздің бақылауымызда. Қазір нанның бағасы өсіп жатқан жоқ. Ет, сүттің бағасы төмендеді. Фермерлер өнімдерді жәрмеңкеге әкеліп сатады. Көктемде баға тұрақтанады.

 Айымгүл Әбілева