МТРА жаңалықтары

Салық департаменті хабарлайды

 

 

 

Мемлекеттік қызметшілер салық органына декларация тапсырғанда, төлем көзінен келетін табысты ғана көрсетулеріне болады. Қаржы министрлігі осындай бұйрық шығарды. Ал төлем көзіне енбейтін кіріс, яғни, сауықтыруға арналған төлем, бір жасқа дейінгі балаға берілетін жәрдемақы сияқты әр түрлі жеңілдіктер жайындағы ақпарат бөлек беріледі. Бұл мәліметтер қосымша декларацияға енгізілуі шарт. Біздің облыста 10 мыңға жуық мемлекеттік қызметші бар. Олар 31 наурызға дейін мүліктері мен табыстары жөніндегі декларацияны салық органдарына тапсырды.

Аслан Ілиясов, облыстық салық департаментінің жетекші маманы:
Мемлекеттік қызметшілер қосымша декларацияны тапсыруға болады
,  шегерімдер мен түзетулер алып тасталды. Бұл құжатты электронды түрде жұмыс орнында беруге болады.