Әр түрлі

ҚР кеденіне 19 жыл

 

 

 

 Ел тәуелсіздігі мен кәсіби мереке күніне орай  кеден қызметіне қабылданған жас мамандардың  ант қабылдау рәсімі өтті. Кеден қызметі 19 жылдың ішінде еліміздің  экономикалық қауіпсіздігін қорғайтын  институт ретінде қалыптасты. Әуелде вагондарда отырған кеденшілер үшін заманауи терминалдар салынған. Көліктерді тексеру кешендері, автоматтандырылған бақылау жүйесі енгізілді. Облыстың кеденшілері осы жылдарда мемлекет қазынасына 130 миллиард теңге аударды. Оларды кәсіби мерекемен өңір басшысы Серік Біләлов құттықтады.  Соңғы бес жылда ғана облыс кеденшілері 500 килограмнан аса есірткі заттарын тәркіледі. 520 миллион теңгенің контрабандалық  тауары мен валютаның шекарадан өтуіне тосқауыл қойылды. Қос мерекеге орай кеден департаментінің 3 қызметкеріне облыс әкімінің құрмет грамотасы, тағы үшеуіне алғыс хаттар табыс етілді. Бірнеше қызметкерге “Кеден органындағы мінсіз қызметі үшін 2,3 дәрежелі” медальдары мен грамоталар, алғыс хаттартапсырылып,  әскери шендері жоғарылатылды.  Ал облыстық кеден департаментінің бастығы Әлібек Картов “Кеден органындағы мінсіз қызметі үшін 1 дәрежелі ” медалімен марапатталды. Кеденшілерді осы сала ардагерлері атынан Николай Гармаш, облыс прокуроры Асқар Досекенов құттықтады. Кәсіби мереке облыстық филармония ұжымының концертіне ұласты.

Әсем Сембина