Мәдениет

«Таңшолпан» фестивалі

 

 

 

 

 

Кеше ғана 150 жылдық мерейтойы дүбірлеп өткен Үкілі Ыбырайдың, Шал ақын мен Сегіз серінің қасиетті елі өнерлі өрендерге сөзсіз бай. Оны осы сахнадан көрінген әр бүлдіршін тағы бір мәрте дәлелдеді.  Мәселен, Бескөл өнер мектебінің «Мерей» домбырашылар ансамбліндегі балалардың  шеберлігі  жиналғандарды тәнті етті.

Мағжан Наурызбаев:
омбырада ойнау қазақтың ұлттық салты. Ол саусақтарды ширатады. “Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра” деген бабаларымыз.
 Әбдіжаппар Мұқымтаев:
 – Мен 5 жасымнан домбырада ойнаймын. Алғашқы күйім “Келіншек” күйі. Бүгін тағы бір жақсы күй ойнадық.

Ал қалалық классикалық гимназияның «Балауса» деп аталған  қыздар тобы қазақтың  халық биі «Қара жорғаны»  биледі. Олардың үстеріндегі ұлттық киімдері мен  ширақ қозғалыстары көз қызықтырады.  

 

Оқушылар:
– “Қара жорға” қазақтың биі, ол денсаулыққа өте пайдалы.
– “Қара жорға” жылқы малын білдіреді. Ол әрбір мүшеге пайдалы
.

Фестивальдің көрігін қыздырған Мамлют, Есіл, Ақжар, Айыртау аудандарынан келген ұжымдар да қазақ өнерінің таусылмас қазынасын, теңдесі жоқ құндылығын айшықты көрсете білді. Демек, Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында жастардың патриоттық сезімдерін ұштай түсуді көздеген фестиваль мақсатына жетті.

 

Кәусар Аяпбергенқызы