Волейболдан өткен сайыс 4 ұжымның ең мықты деген спортшыларының басын қосты.   «СевКазЭнерго» акционерлік қоғамының қызметкерлері мұндай жарыстарды жиі ұйымдастырады.  
 
 Вадим Шевченко, “Солтүстік Қазақстан энергоорталығы” ЖШС командасының мүшесі: 
– Біздің бүгінгі мақсатымыз – жеңіске жету. Осындай шараларға қатысуға мүмкіндік жасап отырған ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін. 
“Солтүстік Қазақстан энергоорталығы” командасы «Петропавл  жылу желілері» кәсіпорнының ойыншыларымен жолықты. Ережеге сәйкес 1 кездесу 2 кезеңнен тұрады. Әр кезеңде 25 ұпайға дейін жинау талабы қойылады. Спортшылардың  дайындығы тең түсіп, бұл командалар 3 кезеңде күш сынасты. Осы жолғы кездесуде қызу да тартысты ойын көрсетіп, ақырында «Петропавл жылу желілері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеңіске жетті.
 Евгений Уштанит, «Петропавл жылу желілері» ЖШС тобының капитаны: 
– Үшінші кезеңде біраз жиылып, бар күшімізді салдық. Мен капитан ретінде ойнайтын допты таңдадым. Ал қарсыластарым ойын алаңын таңдады. 3-кезеңнің соңына қарай біз 7:6 есебімен алға шықтық. Алаңды ауыстырғаннан кейін де жақсы ойнадық.
Сайыс нәтижесі бойынша «Петропавл жылу желілері» кәсіпорны 3-ші орынға ие болды. «Солтүстік Қазақстан РЭК» 2-ші орыннан көрінсе, «СевКазЭнерго» акционерлік қоғамы жеңімпаз деп танылды.
Айдана Демесінова