Талғат Сартаевқа лауазымын асыра пайдаланды деген айып тағылып отыр. Тергеу материалдары бойынша, Сартаев санитарлық нормаға қайшы бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық жасаған “Береке” дәмханасының жұмысын тоқтатпау үшін 5000 АҚШ долларын сұраған. Дәмхана иесі бұл туралы қаржы полициясына хабарлаған. Полиция қызметкерлері Сартаевты ақшаны алуға келген жерінен ұстаған. Бірақ күдіктінің өзінен ақша табылмаған. Таңбаланған ақша көрші ауладан шыққан. Сот отырысында айыпталушы өз кінәсін мойындаған жоқ. Ал судья 29 жасар шенеунікті ҚР ҚК 58- бабының 3- бөліміне сәйкес 7 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.
Гүлден Сәрсенбаева