Әлемнің әр түкпірінен 600-ге жуық адам жиналған халықаралық саммитте Рауза Кәшенова өзінің өнер шаңырағы жайында дайындаған жұмысын таныстырды. Шақыру жібермес бұрын шетелдік мамандар 12 бағытта жұмыс істейтін колледжге қызығушылық танытыпты. Алайда Оксфорд қалашығындағы Артколледжді көргендегі менің таңданысым тіптен сөзбен жеткізгісіз болды дейді Рауза Әбутәліпқызы.
Рауза Кәшенова, Петропавл өнер колледжінің директоры:
– Артколледждің пландарына қарағанда, олар қуыршақтар, аспаптар жасайды. Ағаштан, балықтың сүйегінен жасайды. Әдістемелері өте ұнады маған.
Ректорлар клубы 2008 жылы Оксфорд қаласында құрылған болатын. Оның қатарын толтыруды көздеген саммиттің тақырыбы «Ұлы Европа, оның жаңа көкжиектері. Батыс және Оңтүстік көршілермен байланыс» деп аталыпты. Рауза Әбутәліпқызымен бірге тағы түрлі саланы таныстырған 19 қазақстандық клуб мүшелері атанды. Соның дәлелі ретінде сертификат пен арнайы төсбелгі бар. Халықаралық деңгейдегі жиыннан түйіп қайтқан ойларын жерлесіміз енді жүзеге асыруды өзіне міндет санайды.
Рауза Кәшенова, өнер колледжі және музыкалық-эстетикалық бейімдегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат директоры:
-Менің үлкен арманым – үлкен халықаралық байқауларға шықса балалар. Англияда өтетін, Францияда өтетін байқауларға қатысса, біз жәй жұмыс істеп жүрмеген боламыз.
Рауза Әбутәліпқызынан вокал бойынша тәлім алған түлектердің барлығы дерлік қазірде жоғары оқуы орындарында білімдерін жалғастырауда. Ал білікті ұстаздан қазір сабақ алып жүргендердің бірі – Маргарита Кузнецова бүгін сынақтан өтіп, өте жақсы деген баға алып, ұстазының қуанышына қуаныш жалғады.
Кәусар Аяпбергенқызы