Ұлттық Банк филиалына 925 және 999 сынамалы күміс және алтын монеталар түсті. Тиындар 2011 жылы өтетін 7-ші қысқы Азия ойындарына орай дайындалып, ерекше үлгіде құйылған.
Ескендір Сүлейменов, “ҚР Ұлттық банк” ММ СҚОФ қолма-қол ақшалармен жұмыс жүргізу және кассалық операциялар бөлімінің маманы:
– Тиражы 13 мың дана, сатылым бағасы 6 600 теңге. Сонымен қатар осы ойындарға арналған 1 кг монета да бар. Ол 158 200 теңге тұрады.
Алтыннан соғылған монета үлгісі жағынан басқалардан айрықша. 1,24 грамдық кішкентай тиын Республика көлемінде небары 8 000 данамен таратылған. Құнды шығармашылық табыс “proof” сапасына ие. Жалпы Ұлттық банкте спорт тақырыбына арналған монеталар баршылық.
Ескендір Сүлейменов, “ҚР Ұлттық банк” ММ СҚОФ қолма-қол ақшалармен жұмыс жүргізу және кассалық операциялар бөлімінің маманы:
– 2008 жылғы бессайысқа арналған күміс 925 сынамды. Салмағы 31,1 грамм. Мына монета трамплиннен секіруге арналған. Маусымда Африкада футболдан өткен Фифа ойындарына арналған монета да бар.
Жақында Қазақстанның Ұлттық Банкі төл валютамыз – теңгеге арналған фотоальбом шығарыпты. Жинақта мерейтойлық және естелік монеталардың барлығы көрініс тапқан.
Гүлден Сәрсенбаева