Әр түрлі

«Баян сұлудың» жүлдесі

 

 

 

 

 

 

«Евразия» базарының алдында бұл көлік қасынан өтушілердің арманына айналып, 1 ай бойы тұрған болатын. Енді міне оның көптен күткен иесі де табылды. Бірақ жиналғандарға қуанышты тұрғын бірден таныстырылған жоқ, алдымен оны көруге асыққандарға ән, би түріндегі тарту ұсынылды. Кішігірім сыйлықтар ұтысқа түсті. Барлығы тағатсыздана күткен жеңімпаздың есімі  – Айнагүл Қанабаева. Есепші болып қызмет жасайтын ол мұндай олжаға кенелгеніне бірден сене алмапты. Ұйымдастырушының өзі келіп, оған көлігінің кілтін ұстатқан кезде ғана мұның жәй әзіл еместігіне көз жеткізді.

  Айнагүл Қанабаева, жеңімпаз:
ірінші рет бұл шоколадты менің баламның туған күніне әкелген болатын. Одан кейін купон толтыра бастадым. Жалпы біз “Баян сұлу” кәмпиттерін үнемі аламыз. Өзімнің правам жоқ. Балама сыйлаймын.

Бұл «Део Матисс» – акция барысында иесін тапқан 3-ші көлік. Алдағы екі айда тағы осындай 2 автомобиль және жыл соңында бас жүлде «Порше Кайен» көлігі ұтысқа түседі. Сондай жүлдеге ие болғыңыз келсе, кемінде 2 «Без сомнений» шоколадын сатып алып, арнайы штрих кодты және өз аты-жөніңіз бен мекенжайыңызды тіркеп, промо жәшіктерге салу қажет. Ондай қораптар біздің қаламыздағы ірі сауда үйлерінде орналастырылған. Ұтыс мұнымен де аяқталмайтын көрінеді.

  Тимур Садықов, «Баян сұлу» кондитер фабрикасының өкілі:
 – Қостанайда шығатын “Баян сұлу” фабрикасының өнімдерін өздеріңіз білесіздер. Биыл «Без сомнений» деп аталған жаңа шоколад шықты. Акцияны ендігі жылы да өткіземіз деп отырмыз.

1975 ж. құрылған «Баян сұлу» кондитер фабрикасының өнімдері елімізде сол кезден бастап жоғары сапасымен белгілі. Өндіріс көлемі мен өнім түрлері жыл сайын артып келеді. Биыл шоколадтар мен зефирлердің 50 жаңа түрі шығарылыпты. Жақында Астанада  өтетін  ОБСЕ  саммитінде де «Баян сұлу» фабрикасы өз өнімдерін таныстырмақ.

 Гаусар Аяпбергенқызы