Әлі күнге қала көшелері қазылып, құбырлар жөнделіп жатса да, энергия таратушы компания жылыту маусымы уақытылы басталатынын айтады. Жылу алдымен бюджеттік мекемелерге беріледі. Балабақша, мектеп, аурухана басшылары бұл күндері жылытуды бастау туралы өтініштерін орталыққа тапсырып жатыр. Ал заңды тұлғалардың тоқсан пайызы жаңа маусымға дайын . Жылу есептегіштерін орнатқан үйлердің тұрғындары да орталыққа өтініш беріп, айналасы үш күннің ішінде жылуды қосқыза алады. Ал есептегіші жоқ үйлер қала әкімінің рұқсатын күтеді.
Еділ Көпенов, “Петропавл жылу электр орталығы” ЖШС директоры:
– Жеке тұрғындар үшін есетегіш құрал болса, КСК арызын береді. Құбырлар жуылып, тазаланса, қосамыз. Қалғандары қала әкімінің қаулысынан кейін қосылады.
Жылыту маусымы келіп жетті. Бірақ жаз айларында тұтынушылардың компания алдындағы қарызы азайған жоқ. Петропавлдықтардың энергетиктер алдындағы қарызы 193 млн теңгені құрайды.
Еділ Көпенов, “Петропавл жылу электр орталығы” ЖШС директоры:
– Заңды тұлғалардың қарызы 304 млн теңге. 160 млн жылу үшін, 148 электр энергиясы үшін қарыз. Бюджеттік мекемелер -24 млн теңге, өнеркәсіп кәсіпорындары – 30 млн теңге.
Сондықтан жылу таратушы компания бұндай мекемелерге қарыз өтелгенше жылу бермейтінін айтады. Алайда ең қиыны – жылу үшін ақы төлемей отырған көпқабатты үйлердің тұрғындарынан ақша жинап алу.
Әсем Сембина