Құқық қорғау органдары

«Құқық тәртібі» шарасы

 

 

 

Ауқымды операция аясында учаскелік полиция инспекторлары ішкі істер органдарында тіркеуде тұрған адамдарды мекенжайлары бойынша тексеруде. Ал көші-қон полициясының қызметкерлері вокзал аумақтарында, шетелдіктер жұмыс істейтін мекемелер мен кәсіпорындарда, базарларда арнайы рейдтік шаралар өткізді.
Криминалдық полицияның жедел уәкілдері бұрын жасалған қылмыстарды ашуға және іздеуде жүрген қылмыскерлерді ұстауға баса назар аударып, шұғыл операцияларын бастады. Ал жол полицейлері облыс жолдарында рейдтік шаралар ұйымдастыруда. Жолда жүру ережесін бұзу фактілерінің алды алынып, мас жүргізушілерді ұстау бағытында жұмыстар жалғасуда. Жедел алдын алу шарасының бір күндік қорытындысы бойынша облысымызда 18 қылмыс тіркелді. Аталмыш операция тамыздың 28-не дейін жалғасады.  

  Темірболат Байтасов,  СҚО ІІД ҚҚБ бастығының орынбасары:

-Іс-шараның бірінші күнінен-ақ бұрын жасалған 3 қылмыстың беті ашылды, олардың екеуі тонауға байланысты. Іздеуде жүрген 1 қылмыскер ұсталды. Есірткі саудалаудың 1 фактісі әшкереленді. 674 адам әртүрлі әкімшілік заң бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды.  

Гүлден Сәрсенбаева