Балалар

«Достықтағы» лагерь тойы

 

 

 

 

Лагерьдегі 4-ші маусымның демалушылары бұл күнді үлкен тату отбасындағыдай  өткізді. Бәрінің жүздерінде шат күлкі, шырқағандары Отан, достық, атамекен туралы әндер.  Сыпырғыш пен шелекті музыкалық аспапқа айналдырған  бір топ өнерпаздар өздері пародиялаған “Ранетки” тобынан кем түскен жоқ. Ал кішкентайлардың сүйікті “Алтын балық” ертегісі концерттегі ең қызықты қойылым болды.
Бұл маусымда «Достықтың» 11- 16 жас аралығындағы 230-ға жуық  бала демалуда.  Олар   7 жасаққа топтасқан. Әл-Фараби мектебінің оқушысы Биназир Жұмағазина мұнда алғаш рет келсе де, лагерь өз үйіндей болып кетіпті.

Биназир Жұмағазина:

-Мұнда өте көңілді, көп дос таптым. Бір отбасындай  өмір сүреміз, тағы келемін деп ойлаймын. Бір жыл бойы достарымды сағынамын.

Лагерьдегі демалыстың әр күні мереке болғанмен, сабақ оқуға да арнайы уақыт бөлінген. Қазақ тілі пәнінде олар тіл үйреніп қана қоймай, тоғызқұмалақ, бес асық сияқты ұлттық ойын түрлерін де меңгере алады.

Айжан Исаева, қазақ тілі пәнінің мұғалімі:
-Сабаққа орыс және қазақ балалары қатысады. Тақпақ, ән үйренеді және соларды сахнада көрсетеді. Әр күн мереке, кеше денсаулық күні болды.

Мерекелік концертті барлығы қосыла шырқаған “Атамекен” әні қорытындылады. Ал бұл концерт мерекелік күннің басы ғана. Балаларды әлі түрлі спорттық ойындар, би кеші мен тәтті сыйлықтар күтіп тұр.

 

Кәусар Аяпбергенқызы