Мәдениет

«Қарлығаш» Ялтада жеңіске жетті

 

 

 

 Ялтада өткен “Звездный Симеиз” халықаралық байқауына 15 ұжым қатысқан. Петропавлдық “Қарлығаш” би ансамблі бұл үлкен сында биіктен көріне білді.

Галина Жумалеева,  “Қарлығаш” би ансамблінің жетекшісі:
-Байқауда қазақтың мәдениетін кеңінен насихаттауға тырыстық. Фестивальда біздің ансамбльден 23 жасөспірім өнер көрсетті.

Кәмила Қасейінова, Кәмила Мұқанова мен Әсел Иманғазы жас мөлшері бойынша орай орта топта  билеген. Балалық шақ туралы хореографиялық суреттеме  үшін өнерпаздар ІІІ орынды еншілеген.   

Кәмила Қасейінова, байқауға қатысушы:
-Маған бұл саяхат өте ұнады. Ялтада көптеген сайыстар өтті.

Кәмила Мұқанова, байқауға қатысушы:
-Біз әр түрлі билер биледік. Өте ұнады. Экскурсияға бардық.

Әсел Иманғазы, байқауға қатысушы:
-Көптеген әдемі билер көрдік. Балалармен таныстық.

Байқауға Украина, Ресей, Эстония, Литва сынды елдерден бірнеше би ансамбльдері келген.Бишілер ұлттық және эстрадалық аталымдар бойынша өнер көрсетті. Жерлестеріміз ұлттық биден алдарына жан салмады. Ал эстарадалық биден ІІ орынға тұрақтады.

Гүлден Сәрсенбаева