ТКШ

Екі жыл бойы апаттық жағдайда тұрған жатақхана жөнделді

 

 

 

 Бұл жатақхана 2007 жылдан бастап апаттық күйде тұрды. Ал былтыр мұнда жылыту жүйесі мүлдем істен шыққан. Талай жылдар бойы дабыл қағып жүрген тұрғындарға көмекке қалалық әкімдік осы қыста келді.

Боташ Хайнетов, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бастығы:
-Мұнда су құбырлары жөнделіп, жылу желілері қалпына келтірілді. Бұған 3,5 млн. қаражат бөлініп, оның барлығы игерілді.

Мұнда 200 метрдей канализациялық желі, 400 метрдей су және 500 метрге жуық жылу құбырлары алмастырылды.
Мердігерлердің айтуынша, жұмыс 20 күнге созылды.

Марат Ганеев,  “СевэлектроСервис” ЖШС атқарушы директоры:
– Жөндеуді 5 адам атқарды. Әрине, жұмыс қиын болды. Жертөледе су тізеге дейін
тұр. Оған қоса, будың кесірінен ештеңе көрінбеді.

Жатақхана тұрғындары қуанышты. 30 жыл бұрын салынған ғимаратта қиындық туғызған басты мәселелер толық дерлік шешілді  


 Сажида Әбішева, “Шухов 38” пәтер иелері кооперативінің төрайымы:
– Жатақхана бойынша бу төрт айдан артық тұрды. Біз қалалық әкімдікке шағымдандық. Әйтеуір, олар көмекке келді. Енді өз күшімізбен ағымдағы  жұмыстарды жүргізуді жоспарлап отырмыз.

 
Жасын Біркенов