Бизнес және экономика

Жаңа қонақ үй “Алтын Адам” деп аталады

 
“Алтын Адам” қонақ үй кешенінің құрылысы үш жыл жүргізіліпті. Ондаға 20 бөлменің 6-ы –  люкс, 8-і жартылай люкс. Сондай-ақ бұл жерде 130 адамға арналған  мейрамхана мен 45 орындық банкет залы бар.

Кешеннің іске қосылуы 45 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. Қызмет көрсетушілердің барлығы да байқау арқылы іріктеліп алыныпты.

Вячеслав Адамов, жеке кәсіпкер:

Елімізде шағын және орта бизнесті дамытуға қолайлы жағдай жасалған. Соның арқасында несие алып, осындай нысанды іске қосып отырмыз. Атына заты сай болсын деп интеръерді де шет елдік стильде өзгеше жасадық. Қызмет көрсету сапасы жоғары, бағаларымыз да қалта көтерерлік.

Жаңа
қонақ үйдің таспасын қиған облыс әкімі  
Серік Біләлов ғимаратты аралап көріп,  нысанға оң бағасын берді.
 

Самат Есмағи