МТРА жаңалықтары

Олимпиада күні

 

Бұл дода Пьер де Кубертеннің есімімен тығыз байланысты. Француз қоғам қайраткері олимпиадалық ойындарды қайта жаңғырту үшін белсене атсалысып, өзінің әріптестерімен бірге  олимпада алауын 1894 жылы қайта жаққызған.

 

Содан бері үлкен спорттық сайыс күні жалғасып келеді.

Руслан Есеналин
, туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы бастығының орынбасары:
Астана мен Алматы қалаларында дәстүрлі додаға айналған жарыс осымен 3 жыл қатарынан өткізіліп келеді. Биылдан бастап Елбасының жолдауына сәйкес бұқаралық спортты дамыту мақсатында  Олимпиада күні  республика деңгейінде тойланатын болады.

Айта кету керек, жарысқа салауатты өмір салтын ұстанатын барлық азаматтар қатыса алады. Әзірге Петропавлдан 1000-ға жуық адам жүгіретін болды. Сайыстың шарты бойынша
  желаяқтар 1 км қашықтықты бағындыруы керек. Уақытта шектеу жоқ, бастысы жылдамдық. Жүзден жүйрік атанғандар дипломмен марапатталады.

Руслан Есеналин, туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы бастығының орынбасары:
Жүгіру жолы театр алаңы мен Шаталов ескерткішінің аралығын қамтиды. Оған ерлер мен нәзік жандар, ересектер мен жастар бірдей қатыса алады. Барша солтүстікқазақстандықтарды жүгіруге шақырамын. Жарыс сенбі сағат 10.00-де театр алаңында басталады.