МТРА жаңалықтары

Кардиологиялық орталықта ангиограф пайдаланылмай тұр.

Жүрек оталарына қажетті құрылғыны іске қосу үшін электр қуатын бір қалыпта ұстап тұратын блок қажет екен.  

 

 

 Ангиограф орталық ашылғанда алынған. Ол жүрек пен тамырды тексеретін құрылғы. Мамандар бұл аппараттың арқасында талай адамды тексеріп, жүректеріне ота жасап, екінші өмір сыйлаған. Кардиохирургия орталығынының дәрігерлері құрылғының мүмкіндігін 1,5 жыл көлемінде көріп жүр. Бірақ аппарат энергия қуаты  тұрақты болмаса ,  өшіп қалады екен. Оны реттейтін  арнайы блок қажет.

Бейбіт Мұстафина
, кардиохирургиялық орталықтың  бас дәрігері :
Ангиограф тоқтың мөлшері бір қалыпты тұрғанда жұмыс жасайды. Егер артық кетсе, аппарат сөніп қалады. Ол өте сезімтал машина. Операция кезінде сөніп қалса, адам өліп кетуі мүмкін. Оның жұмысын   реттейтін блок  керек,  соған әкім көмектесемін деді.

Карди
охирургиялық орталық республикалық бюджетке қарайды. Ал материалдық базасы облыс қазынасынан қаржыландырылады. Сондықтан мұндағылар облыс әкімінен көмек сұраған. Серік Біләлов өңір бюджетінен қаржы бөлетінін жеткізді.   Орталықтың бас дәрігері Бейбіт Мұстафина блок 10 млн 200 мың теңге тұрады дейді. Қазіргі кезде алматылық және өскемендік компаниялар оны қойып беруге әзір.  Жалпы орталық жұмысқа кіріскеннен бері 600-ден аса ота жасалған. Ашық жүрекке ангиографтың көмегімен 500 –ден аса операция өтті. Құрылғыға қажетті блок екі айдың ішінде орнатылатын болды.