24.05.2018, 00:38
   
Шрифт
              
КазахскийРусский
Iздеу

Айыртау ауданының даму қарқыны

МТРА жаңалықтар - Қоғам 13-02-2018 20:12 Көрулер саны:21058


Өткен жыл айыртаулықтар үшін табысты болған. Ауданға үш бірдей инвестор келіпті. Солардың бірі «Лобаново» серіктестігімен жұмыс жасап жатыр. Қазірдің өзінде 200 бас ірі қара мал алып, келешекте бордақылау алаңын тұрғызбақ ниетте.




Зинулла Қазиев - «Лобаново» ЖШС директоры, Айыртау ауданы:


-  Біздер қалмақ сиыры мен ангус тұқымдас ірі қара алдық. Күніне 900 грамм салмақ қосады. Азық қоры бар. Әзірге, жеткілікті.

Мал басын өзге де шаруашылықтар арттырып жатыр. Келешекте қосымша база бен цехтер салу да жоспарлануда.

Едірес Жанапин - Айыртау аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:


-  Алдағы уақытта бұл көшті «Лагунский» шаруашылығы жалғастыратын болады. Олардың базасы жақсы. Келешекте буаз сиырларға арналған бөлімше салмақ. Тағы «Красная горка» серіктестігі жұмыс жасап жатыр. Астанадан келген кәсіпкерлер қараша айында 200 басқа арналған база тұрғызды. Сүтті бағыттағы сиырлар саны - 70 бас. Тағы баздар тұрғызып, жылқы әкелді.


Құмар Ақсақалов - СҚО әкімі:


-  Мал шаруашылығында жаңа технологияларды енгізу қажет. Мемлекет қолдау көрсетеді. Сондықтан, бюджеттік қаржы құйып, көмек көрсетілетін шаруашылықтар міндетті түрде цифрландыру жобасына қатысуы тиіс.

Мал шаруашылығына мемлекеттен берілетін субсидияны тек өңір шаруалары ғана алады екен. Еліміздің өзге аймақтарына мұндай қолдау көрсетілмейді. Сондықтан, бұл бағытта жұмыс жасау пайдалы деген облыс әкімі экспорт мәселесі де оң жолға қойылатындығын тілге тиек етті. Биыл аудандағы 3 ауылға таза ауыз су тартылатын болады. Аудан орталығында модульді қазандық пен жылу желілері салынады. Орталықтандырылған жылу желісіне қосылуы тиіс 18 үйдің бүгіндері 4-уі жылумен қамтылып отыр.

Құмар Ақсақалов - СҚО әкімі:


-  Орталықтандырылған жылыту жүйесіне жыл сайын бір үйден болсын қосып отыру қажет. Бірақ, 9 қабатты үйлер әзірге қалыс қалады. Өйткені, оларда ең алдымен лифт жасау керек. Оны біз зерттеп, тексердік.

Айыртаулықтар шағын және орта бизнесті дамыту бағытында да жақсы жұмыс жасаған. Олар мемлекеттік бағдарламаларға белсенді қатысыпты. Өткен жылы мұнда 27 жаңа нысан ашылып, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 224 млн теңгенің 10 жобасы мақұлданған. Мемлекет қолдауын көкшетаулық «Гормолзавод» серіктестігі де пайдаланып, кәсіпорынның Саумалкөлдегі өндірістік цехінде дайындалатын өнім түрлерін арттырмақ. Олар жазда қатты ірімшік жасап шығармақшы.

Асен Жақсылықов - «Гормолзавод» ЖШС филиалының директоры, Айыртау ауданы:


-  Біздің басты зауытымыз Көкшетауда орналасқан. Ол көптен бері жұмыс істейді. Сондықтан, өнімдер, халыққа жақсы таныс, бренд болып қалыптасқан. Астанада фирмалық дүкендеріміз бар. Мақсатамыз - тұтынушыларға сапалы тауар ұсыну. Ал, оны жасау үшін қажеттінің бар. Ең бастысы, шикізат қоры жақсы.

Айыртаулықтар туризм саласын қалай дамытатындықтары жайлы да сөз етті. Кәсіпкерлер демалушыларға жақсы жағдайлар туғызып, жаңа үйлер мен мейрамханалар салуды жоспарлап қойған. Осы ретте облыс әкімі жасағалы жатқан жобалар заманауи болуы керектігін ескертті. Яғни, өткен стильді ұмытып, салынатын ғимараттарға жаңа реңк беру қажет.

Құмар Ақсақалов - СҚО әкімі:


-  Архитектуралық тұрғыдан олар әдемі, өзіне тән мәдениеті мен әсемдігі болуы тиіс. Соны ерекше бақылауда ұстаймыз. Әрине, туризм саласындағы жобаларға құйылған қаржы тез-ақ қайтарылмайды. Ол үшін уақыт керек. Ал, егер ол талапқа сай келмесе онда жақсы табыс табуға үміттенбеген жөн. Сол себепті, ең бастысы нысандар заманауи стандарттарға сай болуы қажет.

Сондықтан, ауданға жаңа келген әкім жоғарыда айтылғандардың бәрін естіп қана қоймай, жүзеге асыруға да білек сыбана кірісуі қажет. Туризм саласына қаржы құюға ниет танытқан инвесторлармен жақсы жұмыс жүргізілуі тиіс деген облыс әкімі Құмар Ақсақалов мемлекеттен қолдау болатындығын жеткізді.

Құмар Ақсақалов - СҚО әкімі:


-  Мардымды жоба жасалып, инвестор ауқымды қаржы құйып, заманауи база жасалса, мемлекет қолдау көрсетеді. Инфрақұрылымды жақсартуға көмек көрсететін боламыз. Нысандарды газбен қамтуға да дайынбыз.

Володар селолық округінде Шалқардан 800 метр жерде көлігімен ұзақ жол жүріп келген жолаушылар тоқтайтын жер ұйымдастырылмақ. Бір гектар аумақта жайғасатын нысанның маңында 65 сотық жерде этноауыл да болады.

Гүлнар Өтеулина - Айыртау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы:


-  Этноаул аумағындағы 10 үй этномәдени стильде тұрғызылатын болады. 9 нысанда сауда алаңдары ұйымдастырылып, туристерге арналған кәдесыйлар сататын орын қарастырылмақ. Онда ауданның қолөнер шеберлерінің жасаған бұйымдары саудаланады. Және шағын архитектуралақ құрылымдар бой көтеріп, жарық пен су тартылады.

Этноауылдың құрылысы сәуір айында басталады. Жобаның жалпы құны 40 млн теңгені құрап отыр. Оған қаржы аудандық бюджеттен бөлінеді. Бұл идея облыс әкімінің қолдауын тапты. Бірақ, оның орналасар жері аса қолайлы емес деді Құмар Ақсақалов.

Құмар Ақсақалов - СҚО әкімі:


-  Егер нысан көлден алыс жерде орналасса ол аса қолайлы болмайды. Барлығы жақын маңда болуы тиіс. Яғни, су орман, тоғайлардың жанында болғаны дұрыс. Бірақ, ол жер ұлттық паркке тиесілі екен. Сол себепті, бұл мәселені егжей-тегжейлі қарастырып, біржақты ету керек.

Ал, мынау бұрын көпшілікке жақсы таныс болған «Шалқар су» санаторийі. Мұнда соңғы рет қашан жөндеу жүргізілгенін ешкім дөп басып айта алмайды. Осыған дейін ұзақ уақыт ІІМ-нің қарамағында болған нысанды өткен жылы аукционда кәсіпкер сатып алыпты. Демалыс орны тек жазғы маусымда жұмыс істейді. Күніне мұнда 50 адам келетін көрінеді.

Марат Смағұлов - «Арқа» санаторийінің атқарушы директоры, Айыртау ауданы:

 

- Ауа райы жақсы болса жаздың күндері кісілер көп келеді. 40 адам жұмыс істейді. Ал, қысқы маусымда тек 5-уі қалады. Санаторий жақсы. Медициналық корпусты көрдіңіздер. Онда сазбен емдейтін жер бар. Ал, негізінен көлге шомылуға адамдар көптеп келді. Оның емдік қасиеті бар. Скважинадан радон суы ағады.

Бірақ, табиғаттың көркемдігін бүлдірмей, керісінше әдемілігін арттыра түсу маңызды. Сондықтан, демалыс орны талаптарға сай болуы үшін мұндағы корпустар жөндеуді қажет етеді. Ал, бұл шаруаға биыл қаржы бөле ме, жоқ па, оны кәсіпкердің өзі, әзірге, айта алмай отыр.

Мағжан Ахмадина

біз вконтакте

АПТАЛЫҚ ШОЛУ бағдарламасы

Күндер бойынша жаңалықтар

Бегущая строка

Предыдущий день: Бегущая строка 23 мая

Бегущая строка 24 мая


**** НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! ''МТРА'' ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ЖҮГІРТПЕ ЖОЛЫНА ШЫҒАТЫН ХАБАРЛАНДЫРУЛАРДЫ МЫНА МЕКЕН ЖАЙЛАРҒА КЕЛІП, БЕРУГЕ БОЛАДЫ: ''БИҒАЙША'' ТҰРМЫСТЫҚ ҮЙІ (2-ҚАБАТ); ОБЛЫСТЫҚ ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫ П.ВАСИЛЬЕВ К-СІ. 69, (2 ҚАБАТ). ''VESTA15KZ'' - +7-777-084-58-58 ''WHATSAPP/VIBER'' НӨМІРІ НЕ ЖАРНАМА ҮШІН КАБЫЛДАУ/ ТӨЛЕУ.

**** ВНИМАНИЕ! ОБЪЯВЛЕНИЯ В БЕГУЩУЮ СТРОКУ НА ТЕЛЕКАНАЛ ''МТРК'' МОЖНО ЗАКАЗАТЬ В ПУНКТАХ ПРИЕМА ОБЪЯВЛЕНИЙ ПО АДРЕСАМ: ДБ ''БИГАЙША'' НА ЦЕНТРАЛЬНОМ РЫНКЕ (2 ЭТАЖ); ОБЛАСТНОЙ ТЕАТР КУКОЛ, УЛ. П.ВАСИЛЬЕВА, 69 (2 ЭТАЖ). ''VESTA15KZ'' - ПРИЕМ/ОПЛАТА РЕКЛАМЫ НА НОМЕР ''WHATSAPP/VIBER'' + 7-777-084-58-58.

**** ''МЕН ЧЕМПИОНМЫН'' БАЛАЛАРДЫҢ СПОРТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫ. РЕСМИ САЙТЫ ICHEMPION.KZ.''МЕН ЧЕМПИОНМЫН'' ОЙЫНЫ ТУРАЛЫ, ЕҢ СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР, САЙЫСТАР, АТРИБУТИКА, БЕЙНЕ, ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ҚАТЫНАСЫ , ''МЕН ЧЕМПИОНМЫН'' ҚОЗҒАЛЫС ӨМІРІ ТУРАЛЫ БАРЛЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘНЕ НАҚТЫ АҚПАРАТ ICHEMPION.KZ.САЙТЫНДА.

**** ДЕТСКОЕ СПОРТИВНОЕ ДВИЖЕНИЕ ''Я – ЧЕМПИОН''. ОФИЦИАЛЬНЫЙ САЙТ ICHEMPION.KZ. ВСЯ ОПЕРАТИВНАЯ И ДОСТОВЕРНАЯ ИНФОРМАЦИЯ ОБ ИГРАХ ''Я – ЧЕМПИОН'', САМЫЕ СВЕЖИЕ НОВОСТИ, КОНКУРСЫ, АТРИБУТИКА, ВИДЕО, ОБЩЕНИЕ УЧАСТНИКОВ ВСЕ О ЖИЗНИ ДВИЖЕНИЯ ''Я – ЧЕМПИОН'' НА САЙТЕ ICHEMPION.KZ

****САТАМЫН****ПРОДАМ****САТАМЫН****ПРОДАМ

**** 60 ШАРШЫ М. ДҮКЕН, 400 ШАРШЫ М. КОТТЕДЖ САТАМЫН, КОММУНИКАЦИЯЛАР ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН, БАҒАСЫ КЕЛІСІМДІ. ТЕЛ. 8-777-659-74-57.

**** ПРОДАМ МАГАЗИН -60 КВ.М., КОТТЕДЖ -400 КВ.М., КОММУНИКАЦИИ ЦЕНТРАЛЬНЫЕ. ЦЕНА ДОГОВОРНАЯ. ТЕЛ. 8-777-659-74-57.

**** МАМЛЮТ ТРАССАСЫНДА САЯЖАЙ САТЫАМЫН, БҰТАЛАР ОТЫРҒЫЗЫЛҒАН, КҮТІМДІ. ТЕЛ. 8-705-322-09-01, 8-707-443-41-42.

**** ПРОДАМ ДАЧУ ПО МАМЛЮТСКОЙ ТРАССЕ, ВСЕ НАСАЖДЕНИЯ, УХОЖЕННАЯ. ТЕЛ. 8-705-322-09-01, 8-707-443-41-42.

**** СУ БАСПАЙТЫН САЯЖАЙ САТАМЫН, 7 СОТЫҚ, ӘСКЕРИ ИНСТИТУТ АУДАНЫ, ЕСІЛ ӨЗЕНІНІҢ ЖӘНЕ АЯЛДАМАНЫҢ ҚАСЫНДА. ТЕЛ: 8-771-412-13-18.

**** ПРОДАМ НЕЗАТАПЛЕВАЕМЫЙ ДАЧНЫЙ УЧАСТОК, 7 СОТОК, Р-Н ВОЕННОГО ИНСТИТУТА, РЯДОМ ИШИМ И ОСТАНОВКА. ТЕЛ: 8-771-412-13-18.

**** SVEC-A8 СЕРІКТІК РЕСИВЕРІН САТАМЫН, БАҒАСЫ 4000 ТЕҢГЕ. ТЕЛ. 8-777-082-02-39, 8-701-513-53-16.

**** ПРОДАМ СПУТНИКОВЫЙ РЕСИВЕР SVEC-A8, ЦЕНА 4000 ТЕНГЕ. ТЕЛ. 8-777-082-02-39, 8-701-513-53-16.

**** МАМЛЮТ ТОС ЖАЛЫНЫҢ БОЙЫНДАҒЫ САЯНАЙДЫ САТАМЫН, БАРЛЫҚ АҒАШ-БҰТАЛАР ЕЙЛГЕН, 5 СОТЫҢ. ТЕЛ. 8-705-337-77-22.

**** ПРОДАМ ДАЧУ ПО МАМЛЮТСКОЙ ТРАССЕ, ВСЕ НАСАЖДЕНИЯ ДОМИК, 5 СОТОК. ТЕЛ. 8-705-337-77-22.

САТЫП АЛАМЫН****КУПЛЮ****САТЫП АЛАМЫН****КУПЛЮ

**** 2 БӨЛМЕЛІ ПӘТЕР САТЫП АЛАМЫН, 1-2 ҚАБАТ, ҚАЛА ШЕТІН ҰСЫНБАҢЫЗ. ДЕЛДАЛСЫЗ. ТЕЛ. 8-777-297-53-79, 46-80-93.

**** КУПЛЮ 2-КОМН. КВАРТ. 1-2 ЭТАЖ, ОКРАИНЫ НЕ ПРЕДЛАГАТЬ. БЕЗ ПОСРЕДНИКОВ. ТЕЛ. 8-777-297-53-79, 46-80-93.

ӘР ТҮРЛІ****РАЗНОЕ****ӘР ТҮРЛІ****РАЗНОЕ

**** 24 МАМЫРДА СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ОҢТҮСТІК-БАТЫСТАН, БАТЫСТАН СОҒАТЫН ЖЕЛДІҢ КҮШІ 15-20, КЕЙ ЖЕРЛЕРДЕ ЕКПІНІ 23-28 М/С КҮТІЛЕДІ. КЕЙ ЖЕРЛЕРДЕ НАЙЗАҒАЙ, БҰРШАҚ БОЛУЫ МҮМКІН. ПЕТРОПАВЛ Қ: 24 МАМЫРДА ОҢТҮСТІК-БАТЫСТАН, БАТЫСТАН СОҒАТЫН ЖЕЛДІҢ КҮШІ 15-20, ЕКПІНІ 25 М/С КҮТІЛЕДІ. КҮНДІЗ НАЙЗАҒАЙ, БҰРШАҚ БОЛУЫ МҮМКІН.

**** 24 МАЯ ПО СЕВЕРО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ОЖИДАЕТСЯ ЮГО-ЗАПАДНЫЙ, ЗАПАДНЫЙ ВЕТЕР 15-20, МЕСТАМИ ПОРЫВЫ 23-28 М/С. МЕСТАМИ ГРОЗА, ВОЗМОЖЕН ГРАД. Г. ПЕТРОПАВЛОВСК: 24 МАЯ ОЖИДАЕТСЯ ЮГО-ЗАПАДНЫЙ, ЗАПАДНЫЙ ВЕТЕР 15-20, ПОРЫВЫ 25 М/С. ДНЕМ ГРОЗА, ВОЗМОЖЕН ГРАД.

**** АУДИТОР-МАМАН ҚАЖЕТ. ТОЛЫҒЫРАҚ WWW.SEVKAZENERGO.KZ САЙТЫНДА. РЕЗЮМЕНІ Е-MAIL RESUME@SEVKAZENERGO.KZ ЖОЛДАҢЫЗДАР.

**** ТРЕБУЕТСЯ СПЕЦИАЛИСТ-АУДИТОР. ПОДРОБНЕЕ НА САЙТЕ WWW.SEVKAZENERGO.KZ. РЕЗЮМЕ НАПРАВЛЯТЬ НА Е-MAIL RESUME@SEVKAZENERGO.KZ.

**** МАЛ ӨСІРУ САЛАСЫНДА ЖҰМЫС ІСТЕУ ҮШІН ОТБАСЫ ҚАЖЕТ. ТЕЛ. 38-04-82, 46-15-82, 8-777-706-39-26.

**** ТРЕБУЕТСЯ СЕМЬЯ ДЛЯ РАБОТЫ В СФЕРЕ ЖИВОТНОВОДСТВА.ТЕЛ. 38-04-82, 46-15-82, 8-777-706-39-26.

**** АҒАШ ШЕБЕРІ, САНТЕХНИК ҚАЖЕТ. ТЕЛ. 8-777-655-55-99.

**** ТРЕБУЮТСЯ: ПЛОТНИКИ, САНТЕХНИК. ТЕЛ. 8-777-655-55-99.

**** БАРМЕН-ДАЯШЫ ҚАЖЕТ. ЖҰМЫС КЕСТЕСІ 3/3, 9-ДАН 23:00 ГЕ ДЕЙІН. ҮЙГЕ ЖЕТКІЗУ, ТАМАҚТАНДЫРУ, 55 000 ТГ. 8-747-282-94-94.

**** ТРЕБУЕТСЯ БАРМЕН-ОФИЦИАНТ. ГРАФИК 3/3, С 9 ДО 23:00. РАЗВОЗ, ПИТАНИЕ. 55.000 ТГ. 8-747-282-94-94.

**** КУРЬЕРЛЕР ҚАЖЕТ. ТЕЛ. 8-771-988-40-15.

**** ТРЕБУЮТСЯ КУРЬЕРЫ. ТЕЛ. 8-771-988-40-15.

**** ''ЭВЕРЕСТ ФИНАНС'' МҚҰ, ЖҰМЫС ІСТЕУШІЛЕР МЕН 78 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРГЕ, ҚАЛА МЕН ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНА, КЕПІЛСІЗ, 400 000 ДЕЙІН МИКРОНЕСИЕЛЕР! ЖАҒЫМСЫЗ НЕСИЕ ТАРИХЫ БАР НЕСИЕ АЛУШЫЛАРҒА ДА! ТОҚСАН БИ КӨШЕСІ 80, ЕУРАЗИЯ БАЗАРЫ, ''МАГНИТ'' ДҮКЕНІНЕ ҚАРСЫ. ТЕЛ: 8-707-599-53-32.

**** МФО ''ЭВЕРЕСТ ФИНАНС'', МИКРОКРЕДИТЫ ДО 400 000 ТГ. РАБОТАЮЩИМ И ПЕНСИОНЕРАМ ДО 78 ЛЕТ. БЕЗ ЗАЛОГА! ЗАЁМЩИКАМ С ОТРИЦАТЕЛЬНОЙ КРЕДИТНОЙ ИСТОРИЕЙ! УЛ. ТОКСАН-БИ 80, ОСТ. Р. ЕВРАЗИЙСКИЙ, НАПРОТИВ МАГ. ''МАГНИТ''. ТЕЛ: 8-707-599-53-32.

**** ''БАРС'' АА'' ЖШС-ГЕ КҮЗЕТШІЛЕР ҚАЖЕТ. ТЕЛ.: 53-00-04, 53-00-64.

**** В ТОО ''СА ''БАРС'' ТРЕБУЮТСЯ ОХРАННИКИ. ТЕЛ.: 53-00-04, 53-00-64.

**** ЖШС МЕКЕМЕЛЕР МЕН ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫ ӘРЕКЕТТЕСТІККЕ ШАҚЫРАДЫ. Т/Ж ТҰЙЫҒЫ, АВТОМОБИЛЬДІ ТАРАЗЫЛАУ, ЖҮК АРТУ-ТҮСІРУ ЖҰМЫСТАРЫ, ЭКСПЕДИТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРІН ҰСЫНАМЫЗ. ТЕЛ. 8-775-525-63-64, 8-777-609-43-44.

**** ТОО ПРИГЛАШАЕТ К СОТРУДНИЧЕСТВУ ОРГАНИЗАЦИИ И ЧАСТНЫХ ЛИЦ. ПРЕДЛАГАЕМ УСЛУГИ: Ж/Д ТУПИКА, АВТОМОБИЛЬНОЙ ВЕСОВОЙ, ПОГРУЗОЧНО-РАЗГРУЗОЧНЫХ РАБОТ, ЭКСПЕДИТОРСКИЕ УСЛУГИ. ТЕЛ. 8-775-525-63-64, 8-777-609-43-44.

**** ''ХО-ХО'' АРТ-КОФЕХАНАСЫ! 25 АДАМҒА ДЕЙІН ШАРАЛАР ӨТКІЗЕДІ, ЖАНДЫ МУЗЫКА, ЖАҒЫМДЫ АТМОСФЕРА ЖӘНЕ ТАМАША ТАҒАМДАР. ҚАЗАҚСТАН КОНСТИТУЦИЯСЫ КӨШЕСІ, 49. ТЕЛ. 33-99-43.

**** АРТ-КОФЕЙНЯ ''ХО-ХО''! МЫ ПРОВОДИМ МЕРОПРИЯТИЯ ДО 25 ЧЕЛОВЕК, ЖИВАЯ МУЗЫКА, ПРИЯТНАЯ АТМОСФЕРА И ПРЕКРАСНАЯ КУХНЯ. КОНСТИТУЦИИ КАЗАХСТАНА, 49. ТЕЛ. 33-99-43.

**** ТИІМДІ ДУЭТ! ''ЕСIЛNET'' КОМПАНИЯСЫНАН ТЕЛЕВИДЕНИЕ МЕН ИНТЕРНЕТ. ЖОҒАРЫ ЖЫЛДАМДЫҚТЫ ЛИМИТСІЗ ИНТЕРНЕТ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫ ТЕЛЕВИДЕНИЕНІҢ 120-ДАН АСТАМ АРНАСЫ 3200 ТЕҢГЕГЕ. ТЕЛЕФОН: 39-00-93.

**** ВЫГОДНЫЙ ДУЭТ! ТЕЛЕВИДЕНИЕ И ИНТЕРНЕТ ОТ КОМПАНИИ ''ЕСIЛNET''. ВЫСОКОСКОРОСТНОЙ БЕЗЛИМИТНЫЙ ИНТЕРНЕТ И БОЛЕЕ 120 КАНАЛОВ ЦИФРОВОГО ТЕЛЕВИДЕНИЯ ЗА 3200 ТЕНГЕ. ТЕЛЕФОН: 39-00-93.

**** ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІ 4 ЖЫЛДАН КЕМ ЕМЕСТІ АСПАЗ ҚАЖЕТ. САНИТАРЛЫҚ КІТАПША МІНДЕТТІ. ТЕЛ. 46-90-00.

**** СРОЧНО ТРЕБУЕТСЯ ПОВАР С ОПЫТОМ РАБОТЫ НЕ МЕНЕЕ 4 ЛЕТ. САНИТАРНАЯ КНИЖКА ОБЯЗАТЕЛЬНА. ТЕЛ. 46-90-00.

**** ''ПЕТРОПАВЛ Қ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫ'' АҚ-НА ТҰРАҚТЫ ТҮРДЕ ҰШУ ҚАУІПСІЗДІГІ ИНСПЕКТОРЫ, ЭЛЕКТРШІ, АЭРОДРОМ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖҰМЫСШЫСЫ, ЖҮК ТАСУШЫ ҚАЖЕТ, ТАСЫМАЛ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ АГЕНТІ. ТЕЛ. 46-25-56, 46-31-42, 8.3 ВЕРСИЯ 1:С БУХГАЛТЕРІ ҚАЖЕТ. ТЕЛ. 34-04-55.

**** АО ''МЕЖДУНАРОДНЫЙ АЭРОПОРТ Г. ПЕТРОПАВЛОВСКА'' НА ПОСТОЯННОЙ ОСНОВЕ ТРЕБУЮТСЯ: ИНСПЕКТОР ПО БЕЗОПАСНОСТИ ПОЛЕТОВ, ЭЛЕКТРИК, РАБОЧИЙ АЭРОДРОМНОЙ СЛУЖБЫ, АГЕНТ СЛУЖБЫ ОРГАНИЗАЦИИ ПЕРЕВОЗОК. ТЕЛ. 46-25-56, 46-31-42, БУХГАЛТЕР 1:С, ВЕРСИЯ 8.3. ТЕЛ. 34-04-55.

**** ''ПАНАЦЕЯ'' ОМО ПЕДИАТР Н.С.ХОДЖАЕВАНЫҢ ҚАБЫЛДАУЫНА ШАҚЫРАДЫ. ЖАЗЫЛУ ТЕЛ. 501-505 БОЙЫНША. ЛИЦЕНЗИЯ № 01355DT 2015 ЖЫЛҒЫ23.09. СҚО ДЕНСАУЛЫҚТЫ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ.

**** ЦСМ ''ПАНАЦЕЯ'' ПРИГЛАШАЕТ НА ПРИЕМ К ВРАЧУ ПЕДИАТРУ ХОДЖАЕВОЙ Н.С. ЗАПИСЬ ПО ТЕЛ. 501-505. ЛИЦЕНЗИЯ № 01355DT ОТ 23.09.2015 ГОДА. УПРАВЛЕНИЕ ЗДРАВООХРАНЕНИЯ СКО.

**** МЕЙРАМХАНАҒА АСПАЗ ҚАЖЕТ. ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІ БОЛУЫ ТИІС. ЖҰМЫС КЕСТЕСІ 2/2. ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕРСІЗ. ТЕЛ. 46-90-00, 8-771-424-45-33.

**** В РЕСТОРАН ТРЕБУЕТСЯ ПОВАР. С ОПЫТОМ РАБОТЫ. ГРАФИК 2/2, БЕЗ ВРЕДНЫХ ПРИВЫЧЕК. ТЕЛ. 46-90-00, 8-771-424-45-33.

**** ЕСКІ ФОТОЛАРДЫ ЖАҢҒЫРТУ! СУРЕТТЕРІҢІЗДІ БАСТАПҚЫ ҚАЛЫПҚА КЕЛТІРЕМІЗ. НЕГАТИВТІ ФОТОПЛЕНКАЛАРДЫ, СЛАЙДТАР МЕН БЕЙНЕКАССЕТАЛАРДЫ ЦИФРЛАУ. ТЕЛ. 8-705-172-86-98.

**** РЕСТАВРАЦИЯ, СТАРЫХ ФОТО! ВЕРНЕМ ВАШИМ ФОТОГРАФИЯМ ПЕРВОЗДАННЫЙ ВИД. ОЦИФРОВКА НЕГАТИВНЫХ ФОТОПЛЕНОК, СЛАЙДОВ И ВИДЕОКАССЕТ. ТЕЛ. 8-705-172-86-98.

**** ''ПАНАЦЕЯ'' ОМО ЕРЕСЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН МАМАНДАРДЫҢ ҚАБЫЛДАУЫНА ШАҚЫРАДЫ: ЛОР, ТЕРАПЕВТ, ТРАВМАТОЛОГ-ОРТОПЕД, НЕВРОПАТОЛОГ, ГИНЕКОЛОГ, МАММОЛОГ, ЭНДОКРИНОЛОГ, КАРДИОЛОГ, ГАСТРОЭНТЕРОЛОГ, ХИРУРГ-ПРОКТОЛОГ, УРОЛОГ. УАҚЫТША ЕҢБЕККЕ ЖАРАМСЫЗДЫҚ ПАРАҚТАРЫ БЕРІЛЕДІ. ТЕЛ. 501-505. ЛИЦЕНЗИЯ № 01355DT 2015 ЖЫЛҒЫ23.09. СҚО ДЕНСАУЛЫҚТЫ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ.

**** ЦСМ ''ПАНАЦЕЯ'' ПРИГЛАШАЕТ НА ПРИЕМ К СПЕЦИАЛИСТАМ ДЛЯ ВЗРОСЛЫХ: ЛОР, ТЕРАПЕВТ, ТРАВМАТОЛОГ-ОРТОПЕД, НЕВРОПАТОЛОГ, ГИНЕКОЛОГ, МАММОЛОГ, ЭНДОКРИНОЛОГ, КАРДИОЛОГ, ГАСТРОЭНТЕРОЛОГ, ХИРУРГ-ПРОКТОЛОГ, УРОЛОГ. ВЫДАЕМ ЛИСТЫ ВРЕМЕННОЙ НЕТРУДОСПОСОБНОСТИ.ТЕЛ. 501-505. ЛИЦЕНЗИЯ № 01355DT ОТ 23.09.2015 ГОДА. УПРАВЛЕНИЕ ЗДРАВООХРАНЕНИЯ СКО.

**** ПЛАСТИКАЛЫҚ ТЕРЕЗЕЛЕРДІ РЕТТЕУ, РЕЗИНАСЫН, ФУРНИТУРАСЫН АУЫСТЫРУ, ЖАҚТАУЛАРЫ МЕН ТЕРЕЗЕ АЛДЫ ТАҚТАЙЛАРЫН ОРНАТУ. ТЕЛ. 8-747-537-66-03.

**** РЕГУЛИРОВКА ПЛАСТИКОВЫХ ОКОН, ЗАМЕНА РЕЗИНЫ, ФУРНИТУРЫ, УСТАНОВКА ОТКОСОВ И ПОДОКОННИКОВ. ТЕЛ. 8-747-537-66-03.

**** КӨЛДЕНЕҢ БАҒЫТТА БҰРҒЫЛАУ ӘДІСІМЕН 100 ЖӘНЕ ОДАН ДА ТЕРЕҢ МЕТРГЕ СУ ӨТКІЗУ (КРОТ). БАҒАСЫ КЕЛІСІМДІ. ТЕЛ. 8-705-622-93-92.

**** ВОДОПРОВОД МЕТОДОМ ГОРИЗОНТАЛЬНОГО НАПРАВЛЕННОГО БУРЕНИЯ (КРОТ) ДО 100 И БОЛЕЕ МЕТРОВ. ЦЕНА ДОГОВОРНАЯ. ТЕЛ. 8-705-622-93-92.

**** ''ПАНАЦЕЯ'' ОМО 086У (ТАЛАПКЕРЛЕР МЕН ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУШЫЛАР ҮШІН) ЖӘНЕ 083 (ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІ), БАССЕЙНГЕ АНЫҚТАМАЛАРДЫ БІР КҮН ІШІНДЕ РЕСІМДЕЙДІ. ТЕЛ. 501-505. ЛИЦЕНЗИЯ № 01355DT 2015 ЖЫЛҒЫ 23.09. СҚО ДЕНСАУЛЫҚТЫ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ.

**** ЦСМ ''ПАНАЦЕЯ'' ОФОРМЛЕНЕ СПРАВОК 086У(ДЛЯ ПОСТУПЛЕНИЯ НА РАБОТУ И УЧЕБНЫЕ ЗАВЕДЕНИЯ) И 083 У(ВОДИТЕЛЬСКОЕ УДОСТОВЕРЕНИЕ), СПРАВОК В БАССЕЙН, В ТЕЧЕНИИ ОДНОГО ДНЯ. ТЕЛ. 5011-505. ЛИЦЕНЗИЯ № 01355DT ОТ 23.09.2015 ГОДА. УПРАВЛЕНИЕ ЗДРАВООХРАНЕНИЯ СКО.

**** ПЕТРОПАВЛДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ФОТОМОЗАИКА СТУДИЯСЫНАН ЭКСКЛЮЗИВТІ ПОРТРЕТТЕР. ЖҮЗДЕГЕН ШАҒЫН СУРЕТТЕРДЕН ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН КАРТИНА АЛЫСТАН ТҰТАС СУРЕТ СЕКІЛДІ, ЖАҚЫННАН ЖЕКЕ СУРЕТ БОЛЫП КӨРІНЕДІ. ТАБИҒИ КЕНЕПТЕ БАСЫП ШЫҒАРУ, СУРЕТ ЖАҚТАУЫНА ГАЛЕРЕЯЛЫ КЕРУ. ТЕЛ. +7-701-558- 06-42.

**** ЭКСКЛЮЗИВНЫЕ ПОРТРЕТЫ ОТ ПЕРВОЙ В ПЕТРОПАВЛОВСКЕ СТУДИИ ФОТОМОЗАИКИ. КАРТИНА ИЗ СОТЕН НЕБОЛЬШИХ СНИМКОВ ВЫГЛЯДИТ ИЗДАЛЕКА КАК ОДНО ИЗОБРАЖЕНИЕ, ВБЛИЗИ – КАК ОТДЕЛЬНОЕ ФОТО. ПЕЧАТЬ НА НАТУРАЛЬНОМ ХОЛСТЕ, ГАЛЕРЕЙНАЯ НАТЯЖКА НА ПОДРАМНИК. ТЕЛ.8-701-558-06-42.

**** МЕКЕМЕГЕ: ADOBE PHOTOSHOP, ADOBE PREMIERE БАҒДАРЛАМАЛАРЫН БІЛЕТІН БЕЙНЕМОНТАЖЕРЛЕР, ҚАЖЕТ. БАЗАЛЫҚ БІЛІМІ БОЛУЫ ТИІС. ТҮЙІНДЕМЕНІ MTRK@MAIL.ONLINE.KZ. Е-MAIL ЖОЛДАУ ҚАЖЕТ. (СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ПЕТРОПАВЛ Қ.). ТЕЛ. 46-13-70.

**** ОРГАНИЗАЦИИ ТРЕБУЮТСЯ: ВИДЕОМОНТАЖЕРЫ СО ЗНАНИЕМ ПРОГРАММ: ADOBE PHOTOSHOP, ADOBE PREMIERE, ЖЕЛАТЕЛЬНО БАЗОВЫЕ ЗНАНИЯ. РЕЗЮМЕ ОТПРАВЛЯТЬ НА Е-MAIL: MTRK@MAIL.ONLINE.KZ. (Г. ПЕТРОПАВЛОВСК, СЕВ.КАЗ. ОБЛ.). ТЕЛ. 46-13-70.

Архив Бегущей строки