«Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысы экстремистік ұйымдар қатарын толықтырды

МТРА жаңалықтар - Қоғам 16-03-2018 20:12 Көрулер саны:23653


«Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысы экстремистік ұйымдар қатарына жатқызылды.



Сөйтіп, Мұхтар Әбіләзов құрған партияға ел аумағында тыйым салынған. Енді аталған саяси ұйымның қызметін насихайтын кез-келген пікір қылмыстық әрекет болып саналады. Тіпті, қашқын банкирдің әлеуметтік желіде жариялаған материалдарының астында пікір қалдырғандарды да жаза күтеді. Оларға ҚР ҚК 405 бабы бойынша айып тағылып, 2 айлық есептік көрсеткіштен бастап 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Шохтыбаева Гульмира